Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Дублер күні» ұйымдастырылды
30
сентябрь
2022
«Дублер күні» ұйымдастырылды
       Бүгін №59 мектеп-гимназиясында Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 5-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп,
«ҰСТАЗДАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
29
сентябрь
2022
«ҰСТАЗДАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
«Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,  Сіздермен тола берсін ортамызда...» деген жүрекжарды сөздермен басталған бүгінгі 11-сынып оқушылары тарапынан  ұйымдастырылған концерт ұстаздардың құрметіне арналып, ізгі істеріне деген алғыс сезімдері мен ризашылықтарын жеткізу мақсатында өткізілді. Музыка пәні мұғалімі, ардагер ұстаз Атантаева Бұлбұлқұс Абылғазықызының «Ақжелең» домбырашылар тобының орындауындағы «Балбырауын» мен «Әлқисса» секілді тамаша күйлерімен басталған аталмыш мерекелік кешті
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ.
27
сентябрь
2022
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ.
        Жылдағы дәстүр бойынша елімізде қазан айының алғашқы жексенбісі «Ұстаздар күні» мерекесі ретінде аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстан мектептерінде апта бойы түрлі іс-шаралар өтіп, игі жұмыстар ұйымдастырылады. Бүгін біздің №59 мектеп-гимназиясында аталмыш мерекеге орай  1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Өткізілген сынып сағаттарында оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұстаздар жайлы мақал-мәтелдер оқып, шығармалар жазды. Жетекші апайлары мен пән мұғалімдерін
БІРЫҢҒАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ.
10
сентябрь
2022
БІРЫҢҒАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ.
        Осы аптада мектебімізде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған бірыңғай танымдық сабақтар өтті. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер, қазақтың болашағы мен халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет етіп, білім алуға және бұқараны ағартуына шақырған ұлт көсемінің күреске толы өмір жолы мен ұлттық идеялары бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызы үлкен рухани азықтар. Ұлт ұстазы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазып, қазақ тіліне
БҮГІН ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТТІ.
06
сентябрь
2022
БҮГІН ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТТІ.
       Бүгінгі күннің тәрбие сағаттарының тақырыбы: «Мектеп – достық үйі» және «Оқушы құқығы және оның міндеттері, мектеп ережесі». Жауапты: ДТІЖО Кыпшакова Дариха  
Бүгін мектепішілік лездеме өтті.
05
сентябрь
2022
Бүгін мектепішілік лездеме өтті.
          Бүгін мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Кыпшакова Дариха мен Әлімжан Дарханның ұйымдастыруымен мектепішілік лездеме өтті. Негізгі тақырып мектеп формасына байланысты болғандықтан жиында осы мәселелер айтылып, оқушыларға талапқа сай киінулері тиіс екендігі ескертілді. Және тазалық, тәртіп, гигиеналық мәселелер де сөз болды. Сонымен қатар «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының президентін сайлауға байланысты әр сынып өз кандидаттарын таңдап, ұсынулары керек
«АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ.
01
сентябрь
2022
«АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ.
            Бүгін Алматы қаласы №59 мектеп-гимназиясының ауласында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» деген тақырыппен өткізілген салтанатты жиынды мектеп-гимназияның директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха ашып, жоғары деңгейде көңілді ахуалда жүргізіп отырды. Жоспарға сай сыныптарды сапқа тұрғызу, жиын барысын музыкамен көркемдеу, Мемлекеттік туды ортаға әкелу, Гимн орындалу рет-ретімен жүзеге асырылып, сценарийге
БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.
29
август
2022
БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.
                                    №1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС                                                                                                       Күн тәртібінде:                      1. «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет».                                           Баяндамашы: мектеп - гимназия директоры Касымова А.Т.          2.  2021-2022  оқу жылының қорытынды талдауы                                               ДОІЖО Егеубаева К.У. 3.  2022-2023 о
Алма-Арасандағы демалыс
23
август
2022
Алма-Арасандағы демалыс
         Мектеп-гимназиямыздың 10-сынып оқушылары сынып жетекшісі Ахметова Хабира Берікболқызымен бірлесіп, Алматының ең көрікті жерлерінің бірі – Алма-Арасанға барып қайтты. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, ұстаздарымен бірге табиғат аясына шығып қайтудың өзі балалар үшін естен кетпес жылы сәттер сыйлайтын керемет саяхаттар емес пе?.. Нағыз ұстаз ғана баланың оқуын ғана емес, демалысын да дұрыс ұйымдастыруға түрткі болып жатады. Ішкі сұраныстарын тап басып, ізгі шараларға бағыттай біледі.