Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.
10
октябрь
2022

ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

    «Үлкенін сыйлаған жерде- қасиет бар» дейді қазақ.  Салт-дәстүрге берік, жөн-жоралғыны жақсы білетін кешегі аталарымыз үлкендерге құрметпен қарап, өскелең ұрпақтан ата-ана, қарт адамдарға деген ізгі құрмет, сыйластықты талап етіп отырған. «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деп үлкендерді қазынаға да теңеген. Осынау ізгі дәстүрді жалғап, бүгіндері ұрпақ тәрбиелеу ісінде «үлкенге-құрмет, кішіге- ізет» деген ұстанымды ұстап, балалардың бойында осындай игі қасиеттердің қалыптасуына көптеген шаралар қолға алынып жатқандығын айта кетуге керекпіз. Жақында 1 қазан «Қарттар күніне» орай   5-7 сынып оқушылары арасында мектепішілік эссе байқауын өткізіп, оқушылардың ата-әжелеріне деген ықыластарын ояту, әрі жылы қарым-қатынастарын қалыптастыру мақсатында шығармашылық конкурс ұйымдастырылған болатын.  Аталмыш байқауға оқушылар белсене қатысып,  «Қарттарым, аман-сау жүрші», «Қариялы үй – қазыналы үй»,  «Менің атам – ең жақсы адам», «Апам сілтеген ақ жол», «Менің апам» деген тақырыптарда эссе жұмыстарын жазды. Жазылған шығармаларда балалардың қаншалықты беріле орындағандығы, ата-әжелері мен қазына қарияларға деген сүйіспеншіліктері, ықыластары байқалып тұрды.  Байқау нәтижесінде балалардың шығармашылық жұмыстары жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен марапатталды. Осынау игі жұмысқа қолдау білдіріп, оқушыларының көптеп қатысуына ұйытқы болған жетекші мұғалімдеріне шын ризашылығымызды білдіре отырып, алғысымызды айтамыз. «Жас Ұлан және Жас Қыран» ұйымының мектепішілік бөлімі ұйымдастырған аталмыш байқау сәтті өтіп, өз мәресіне жетті. Осындай игі жұмыстар өз жалғасын таба бермек.