30
сентябрь
2022
«Дублер күні» ұйымдастырылды
Бүгін №59 мектеп-гимназиясында Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 5-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезінді. Іс-шаралардан кейін ұстаздарына алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді. Керемет іс-шараны ұйымдастырған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апайға алғыс айтамыз.