ІЗГІ ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Бүгінгі қуанышты көңіл-күймен басталған мерекелік шаралар екінші ауысымда да жалғасын тауып, игі жұмыстар атқарылды. Іс-шара жоспарына сәйкес мектеп парламенті, президенті, фракциялары өздеріне тиесілі қызметтерді абыроймен атқарып, жоғары нәтижелер көрсетті. «Дублер күніне» байланысты барлық өткізілген сабақтар жоспарға сай өтіп, оқушы мен оқушы арасындағы түсіністік қалыптасып, бірлікте атқарылып шықты. Мұғалім жұмыстарының қызығы мен қиындығын қатар сезінген оқушылар оқытушылық қызметтің қырына аздап болса да үңіліп, қанық болды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха жоспарланған жұмыстардың аяғына дейін тиісті деңгейде атқарылып шығуына айырықша көңіл бөліп, бақылап отырды. Осылайша бүгінгі күн мерекелік көңіл-күймен өтіп, жақсы іс-шаралармен жалғасып, мектеп тарихында ұмытылмастай із қалдырды.
