Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР «АЛТЫН БЕЛГІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
17
июнь
2022

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР «АЛТЫН БЕЛГІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

 

       Кеше Республика сарайының алдында Алматы шаһарының ең үздік түлектері «Алтын белгі» медалімен марапатталды. Бұл жылда өткізілетін игі іс-шара. Алайда соңғы екі жылда пандемияға байланысты бұл салтанатты марапаттау уақытша тоқтатылып, тек онлайн түрінде жүзеге асқаны белгілі. Биыл  605 түлек жоғары марапатқа ие болып, олардың 574 қалалық мектептерден, ал 31-і республикалық статусқа ие мектептерден шықты. Түрксіб ауданы бойынша 52 түлек бұл жоғары марапатқа ие болды. Біздің №59 мектеп-гимназиясынан аталмыш марапатқа Бектұрған Ілияс Бақытұлы, Кузенбаева Айша Маликқызы, Арыстанбекқызы Жанерке, Жасұзақ Айғаным Айдосқызы, Зияданов Нурлан Алибекұлы, Мамутова Дана Нурсалимқызы, Айдарұлы Қуандық ие болды. Алғашқы құттықтау сөзін қала әкімі Ерболат Досаев айтып, бүгінгі марапатқа ие болып жатқан барша түлектерге ізгі тілектерін жеткізді. Марапаттау рәсімінде тізім бойынша алғашқы түлектерді әкімнің өзі табыс етсе, содан кейінгі табыс ету құрметі «Қазақстанның Еңбек Ері», «Алтын жұлдыз» төсбелгілерінің иегері, ұстаз Миразова Аягүл Төреқызы мен қала әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызына берілді. Марапаттау салтанатынан кейін жас түлектер ортаға шығып, вальс биледі. Жалпы марапаттау салтанаты жақсы өтіп, келген көрермендердің көңілінен шықты. Әли Оқапов, Венера және тағы басқа да белгілі эстрада әншілер ән айтып, кештің қызуын арттырса, «Жас өркен» би ансамблі би билеп, сахнаның көркін арттырды. Салют атылып, мерекелік ахуал қалыптастырылды. Жастар суреттерге түсіп, мәз-мейрам болып жатты. Осылайша 20-00-де басталған марапаттау салтанаты үш сағатқа жуық жалғасып, думанды кештей әсер қалдырды.