7 оқушымыз «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталмақ.
Біздің 7 оқушымыз: Бектұрған Ілияс Бақытұлы, Кузенбаева Айша Маликқызы, Арыстанбекқызы Жанерке, Жасұзақ Айғаным Айдосқызы, Зияданов Нурлан Алибекұлы, Мамутова Дана Нурсалимқызы, Айдарұлы Қуандық «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталмақ. Ал Түрксіб ауданы бойынша 52 оқушы делініп отыр. Биылғы «Алтын белгі» төсбелгісімен марапаттау салтанаты 17 маусымда кешкі сағат 20-00-де басталады деп жоспарлануда. Іс-шара бұрынғыдай Достық даңғылының бойындағы «Роял Тулиб» қонақ үйінде емес, Республика сарайының алдында өткізіледі деп хабарлануда. Бұл марапаттау салтанатына қаламыздың лауазымды, қадірлі азаматтары қатысатыны белгілі. Республикалық телеарналар түсірілім жасайтыны тағы бар. Сондықтан да қазіргі уақытта төсбелгіге ие болатын жас түлектер үшін дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Яғни, жұп болып вальс билеу, қосымша тағы бір би, марапаттау салтанатында белгілі бір тәртіппен жүру, тұру дегендей күнделікті репетициялар өтіп жатыр. Натали Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры мен Мемлекеттік цирктің хореограф мамандары балаларды күнде дайындап, тер төгуде. Сонымен қатар ашық аспан астында өтетін болғандықтан келіп көремін дейтін ата-аналар мен қонақтар үшін өте қолайлы болмақ.
«Алтын белгі» төсбелгісіне- үлгілі мінез-құлық көрсеткен, негізгі орта және жалпы орта білім беруді оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу кезеңінде білім берудің негізгі орта және жалпы орта деңгейлерінде «5» деген жылдық және қорытынды бағалары бар оқушылар ғана үміткер бола алады.