Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІРЫҢҒАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ.
10
сентябрь
2022
БІРЫҢҒАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ.
        Осы аптада мектебімізде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған бірыңғай танымдық сабақтар өтті. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер, қазақтың болашағы мен халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет етіп, білім алуға және бұқараны ағартуына шақырған ұлт көсемінің күреске толы өмір жолы мен ұлттық идеялары бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызы үлкен рухани азықтар. Ұлт ұстазы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазып, қазақ тіліне
«АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ.
01
сентябрь
2022
«АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ.
            Бүгін Алматы қаласы №59 мектеп-гимназиясының ауласында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» деген тақырыппен өткізілген салтанатты жиынды мектеп-гимназияның директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха ашып, жоғары деңгейде көңілді ахуалда жүргізіп отырды. Жоспарға сай сыныптарды сапқа тұрғызу, жиын барысын музыкамен көркемдеу, Мемлекеттік туды ортаға әкелу, Гимн орындалу рет-ретімен жүзеге асырылып, сценарийге
Алма-Арасандағы демалыс
23
август
2022
Алма-Арасандағы демалыс
         Мектеп-гимназиямыздың 10-сынып оқушылары сынып жетекшісі Ахметова Хабира Берікболқызымен бірлесіп, Алматының ең көрікті жерлерінің бірі – Алма-Арасанға барып қайтты. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, ұстаздарымен бірге табиғат аясына шығып қайтудың өзі балалар үшін естен кетпес жылы сәттер сыйлайтын керемет саяхаттар емес пе?.. Нағыз ұстаз ғана баланың оқуын ғана емес, демалысын да дұрыс ұйымдастыруға түрткі болып жатады. Ішкі сұраныстарын тап басып, ізгі шараларға бағыттай біледі.
Қайырымды істерге ұйытқы болайық
06
август
2022
Қайырымды істерге ұйытқы болайық
    Қайырымды болу, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – ата-бабаларымыздан мирас болған ізгі қасиеттер. Бұрындары бір жиһанкез: «Өзге елдер байлықпен жарысса, бұл ел қайырымды істермен жарысады екен» деп, қазақтың осы бір асыл қасиетіне риза болып кеткен екен.  Иә, жақсылық жасау, қайырымды болу- бұл біздің елдігіміздің, бірлігіміздің нышаны. Кейінгі ұрпақ осы бір ізгі істерімізден үлгі алып, жақсылыққа қарай қадам басса, қайырымды болуды үйренсе, онда біздің халқымыз мәңгі жасай береді деген сөз.
«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»
25
июнь
2022
«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»
    «Бала деген- ғұмырың ғой арнайтын,  Бала деген- бір бақыт қой аңсайтын» демекші, балалардың бақытты болашағы мен дендерінің саулығы үшін не істемейсің? Әрбір күнін көңілді етіп, дені сау, ойы сергек болуы үшін еңбек етіп, білім-білігіңді саласың. Бүгін Жазғы лагерь балалары мектеп жанындағы аллеяға барып, ойнап, жаттығулар жасап қайтты. Балалар үшін жасалған түрлі ойын алаңдары мен жаттығу үшін арналған спорттық құрылғылармен ойнап, жаттығулар жасап, бір марқайып қалды. Тәрбиеші мұғалімдері
СЕЙФУЛЛИН ПАРКІНЕ САЯХАТТАП, ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАП ҚАЙТТЫ.
24
июнь
2022
СЕЙФУЛЛИН ПАРКІНЕ САЯХАТТАП, ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАП ҚАЙТТЫ.
           Бүгінгі жоспар бойынша Жазғы лагерь балалары Сейфуллин паркіне барып, эстафеталық ойындар ойнап қайтты. Әрі ауа-райы ашық болып, балалардың эстафеталық ойыны үшін өте қолайлы күн болды деуге болады. Балалар командаға бөлініп, бірінші болуға асығып, өздерін үздік екендіктерін көрсетуге тырысып бақты. Тәрбиеші мұғалімдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ыңғайлы сайыс түрін таңдап, белсене ойынға араласуына мүмкіндіктер жасады. Ешкім қалыс қалмай, өздерін барынша көрсетуге тырысып
БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
23
июнь
2022
БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
           Кітапхана – бұл білім ордасы, мәдени-ағартушылық мекеме. Балалар мен жасөспірімдердің ғана емес, жалпы кез келген азаматтардың рухани толысып, білім-ілімін ұштайтын, керекті мәліметтерін алатын ең бір қолайлы жер. Кітапхананың негізінде өзіндік қалыптасқан рухани қуаты, тылсым күші болады. Ол жерге барған кез келген оқырман, жасөспірім осы бір қуатты сезініп, айырықша әсерге ие болатыны бар. Сондықтан да кітапханаға деген дұрыс көзқарасты қалыптастырып, балалардың жиі келіп тұруына
ШАХМАТ – ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫННЫҢ ТӨРЕСІ
22
июнь
2022
ШАХМАТ – ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫННЫҢ ТӨРЕСІ
            Сондықтан да біздің тәрбиешілер осы бір ойын түрін ұтымды пайдаланып, Жазғы лагерь балаларын үйретуге бар күшін салуда. Шахматқа үйренген бала ұстамды, логикалық ойы мықты, ақпараттарды қабылдай алатын қабілеттерге ие бола алады. Орыстар шахматты «Гимнастика ума» деп бекер айтпаған ғой. Сондықтан да осы ойын түріне үйрету балалардың болашағы үшін өте пайдалы болмақ. Бүгін мектебіміздің мұғалімдері, Жазғы лагерьде тәрбиеші болып қызмет жасап жүрген қыздарымыз балаларға шахматтың
БАЛАЛАРМЕН КӨҢІЛ КӨТЕРІП ҚАЙТТЫ.
21
июнь
2022
БАЛАЛАРМЕН КӨҢІЛ КӨТЕРІП ҚАЙТТЫ.
           Түрксіб ауданы мәдени орындарға кенде емес. Балалардың ойнап, көңіл көтеруіне  ыңғайлы жерлер көп. Саябақтар, кинотеатр, тамақтанатын кафелер, аллеялар балалар үшін ең қолайлы әрі қызықты орындар. Бүгін тәрбиеші мұғалімдер біраз жерлерді аралап, суреттерге түсіп, тамақтанып, балалармен көңіл көтеріп қайтты. Мәдени орындар туралы айтып, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Жазғы лагерь балаларына көңілді, пайдалы күн сыйлай білді.