«КҮЗГІ БАЛ- 2022» КОНКУРСЫ ӨТТІ.
Жұма күні мектебімізде 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі бал -2022» байқауы ұйымдастырылған болатын. Өзінің айырықша өткізілуімен және қуанышты көңіл-күй сыйлаумен ерекшеленетін аталмыш байқау негізінде оқушылардың шығармашылық, эстетикалық және командамен, жұппен жұмыс істей білу секілді ізгі қарым-қабілеттерін шыңдауды мақсат етеді. Оқушылардың қуана қатысатын бұл байқау өткен жылдарда пандемияға байланысты аздап тоқтап қалғаны белгілі. Енді биыл жастардың қуана күтетін игілікті іс-шара қайта жанданып, ұйымдастырылған еді. Сайыс үш кезең бойынша өткізіліп, көп бал жинаған жұп мектеп ханзадасы мен ханшайымы атанады. Мектебіміздің белсенді оқушылары Олжас Молдабергенов пен Айсана Сыбайласова байқауды жүргізіп, арасында өнерпаз оқушыларға әндер айтқызып, белгілі бір көңіл-күй сыйлап отырды. Оқушылардың музыкалық таныстырылымы, сән үлгісі, жұп болып вальс билеу, арнайы ұйымдастырылған көрініс, мектеп парламенті мүшелерінің музыкалық номері – барлығы байқаудың әсерін арттырып отырды. Нәтижесінде әділ-қазылардың шешімімен 42 бал жинап, үш кезең бойынша үздік болған 10 «Ә» сынып оқушылар жеңімпаз болып, бас жүлдеге ие болса, ал келесі 9 «Б» сынып 1-орын, 9 «А» және 10 «А» сынып 2-орын, 9 «Ә» және 9 «В» сынып 3-орындарға жайғасты. Міне, осылайша «Күзгі бал – 2022» байқауы өз мәресіне жетіп, би кешімен аяқталды. Игілікті шараны ұйымдастырған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшілер.