АУДАНДЫҚ СЛЕТ ӨТКІЗІЛДІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АУДАНДЫҚ СЛЕТ ӨТКІЗІЛДІ.
25
октябрь
2022

АУДАНДЫҚ СЛЕТ ӨТКІЗІЛДІ.

        Өткен сенбі күні Түрксіб ауданына қарасты 27 мектеп арасында мектеп пен студенттердің парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінің аудандық кезеңі өткізілді. Азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп және студенттік парламентті дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құруды мақсат еткен аталмыш слеттің аудандық кезеңінде шеберханалық зертхана бағыты бойынша «Оқушылардың өзін-өзі басқару күні» тақырыбы бойынша біздің №59 мектеп-гимназиясының мектеп парламенті президенті 10 «А» сынып оқушысы Молдабергенов Олжас жұмысын қорғап, үздік деп танылды. Енді алдағы уақытта «Тұран» университеті базасында өтетін қалалық слетке қатысады деп отырмыз. Оқушымызға сәттілік серік болсын деп тілектестік білдіреміз. Жауапты жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха.