ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ
15
август
2022

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ

       Бүгін «Абай оқулары» конкурсының республикалық кезеңі басталды. Алматы қаласынан 6 оқушы қатысып, 6 номинация бойынша бақтарын сынасатын болады.  Ережеге сәйкес, «Абай оқулары» байқауының Республикалық қорытынды кезеңіне аудандық, қалалық (облыстық) кезеңінен жоғары ұпай алып, үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз оқушылар ғана қатыса алады. 

Қазірде бұл конкурсқа еліміздің ең талапты дейтіндей 120-дан астам оқушы қатысады деп хабарлануда.

Ауқымды шараның салтанатты ашылу рәсімі 15 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді, ал жүлдегерлерді марапаттау 17 тамыз, сағат 10.00-ге жоспарланған.

    Естеріңізге сала кетсек, жылда Ұлы ақынның туған күні қарсаңында Абай облысы, Абай ауданы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылып тұрады. Абайдың шығармашылығын насихаттау, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді мақсат еткен аталмыш конкурс оқушылар арасындағы ең ауқымды, әрі маңызы айырықша байқаулардың бірі ретінде саналады. Сондықтан да бұл конкурсқа үздіктердің үздігі ғана қатысып, шын дарындар ғана суырылып алға шыға алады. Біздің Түрксіб ауданынан №59 мектеп-гимназиясының оқушысы Абдулла Нұрхан қатысып, бағын сынасып жатыр. Жетекшісі: Ахметова Хабира Берікболқызы. Сәттілік серік болсын деп тілектестік білдіреміз.