Президенттік олимпиада » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президенттік олимпиада
24
сентябрь
2021

Президенттік олимпиада

1️. ОЛИМПИАДА ҚАШАН ӨТКІЗІЛЕДІ?

✅Олимпиада 3 кезеңде өтеді.
 І кезең – аймақтық-мектепшілік 30 қыркүйек. 
ІІ кезең – екі турдан тұрады : І, ІІ тур – 22 қазан.
ІІІ кезең – Республикалық кезең (15-18 қараша)

2️. АУДАНЫҚ-МЕКТЕПШІЛІК КЕЗЕҢ ҚАНДАЙ ФОРМАТТА ӨТЕДІ?

✅Алматы қаласы бойынша аудандық-мектепшілік кезең офлайн режимде өтеді.

3️. ОЛИМПИАДАҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

✅Олимпиадаға Республикалық және Халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жалпы білім беру мекемелерінің лицей, гимназия, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының  11 (12) сынып оқушылары қатысады.

4️. ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАНДАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР?

✅Қатысушылар белгіленген 4 пән бойынша (математика, физика, химия және биология пәндерінен) берілген тапсырмаларды орындайды.

5️. ОЛИМПИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНЕ КІМДЕР ӨТЕДІ?

✅Іріктеу кезеңіне Алматы  қаласы бойынша олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысына сәйкес құрамы 20 адамнан тұратын командалар қатысады.

6️. ОЛИМПИАДА ҚАНДАЙ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ?

✅Барлық материалдар «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығының сайтында ұсынылады. Өткен жылғы тапсырмаларды қайта қарап, тыңғылықты дайындықты талап етеді. 

7️. ТАПСЫРМАЛАР МЕН ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАЙДА ЖАРИЯЛАНАДЫ?

✅Тапсырмалар мен олимпиада нәтижелері «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығының сайтында ұсынылады.

8️. ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

✅Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр пән бойынша  «Алматы дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталады.  Жеңімпаздар саны қатысушылар санының 25 %-ын құрайды.  Республикалық кезеңнің барлық қатысушыларына қатысқандығы үшін сертификат беріледі.