Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"МӘНЕРЛЕП ОҚУ" ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ.
03
февраль
2023
"МӘНЕРЛЕП ОҚУ" ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ.
      Бүгін 2-сынып оқушыларымен бірігіп "Мәнерлеп оқу" жоспары бойынша "Бауырсақ" атты орыс халық ертегісін мәнерлеп оқып, мультфильм көрсетіліп, театрлық көрініс қойылды. Балалар ертедегі кейіпкерлер секілді киімдерін киіп, образға кіріп, тамаша көрініс көрсетті. Өздерінің жастарының кішілігіне қарамастан апайларының айтқан барлық нұсқаулықтары мен тапсырмаларын бүге-шегесіне дейін түсініп алып, әрқайсысы өзіне тапсырылған міндеттерін орындап шықты. Жалпы балаларды ертегілер арқылы тәрбиелеу,
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
31
январь
2023
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
     Бүгін "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектебіміздің 7 «Г» сынып оқушыларының (сынып жетекшісі Максимова Ф.Т.) қатысуымен аудандық №1 балалар кітапханасында "Қазақстанның ежелгі қалалары" атты танымдық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға ежелгі қалалар туралы кітаптармен таныстырып, бейнефильм көрсетілді. Тақырыпқа орай сұрақтар қойылып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға жауапты болған- мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна. 
«KITAP AUESQOIY» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЗУШЫ САЯТ ҚАМШЫГЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
23
январь
2023
«KITAP AUESQOIY» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЗУШЫ САЯТ ҚАМШЫГЕРМЕН КЕЗДЕСУ
     Бүгін мектебімізде «KITAP auesqoiy» жобасының кезекті оқырмандар талқысы ұйымдастырылды. Оқырмандар талқысына ұсынылған бұл жолғы кітап –.башқұрт жазушысы Баймұхаметов Айгиз Ғиззатұлының «Тастамашы, ана!» шығармасы. Бүгінгі кітап талқысына «Тастамашы, ана!» кітабын аударған жазушы-журналист Саят Қамшыгер қатысып, мұғалімдермен мәнді де мағыналы кездесудің ұйытқысы болды. Бір апта бойы ұсынылған кітапты оқып, үлкен әсерге бөленген мұғалімдер, толып жатқан сұрақтарды дайындап, кездесуге
"АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ " ӨТУДЕ.
23
январь
2023
"АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ " ӨТУДЕ.
     Бүгіннен бастап мектебімізде жоспарға сәйкес екі апта бойы (23.01-03.02.2023) "Ата-аналарға арналған ашық есік күні " ұйымдастырылатын болады. Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты тағы да бір бекемдеп, ұрпақ тәрбиелеу ісіне тарту, ортақ мақсатта бірлесе еңбек етуді көздейді. Бүгін мектепке 10-ға жуық ата-ана келіп, сабақтарға қатысты. Мұғалімдеріміздің күнделікті жұмыстарының мән-жайымен танысты. Балаларының білім деңгейлеріне көз жүгіртіп, дайындықтарынан хабардар болды. Осы ретте
"БАЛА ТІЛІН ТАПҚАН АҚЫН" АТТЫ  ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
20
январь
2023
"БАЛА ТІЛІН ТАПҚАН АҚЫН" АТТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
       Кеше аудандық №1 кітапханада мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна мен кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен б алалар ақыны Ермек Өтетілеуұлының 85 жылдық   мерейтойына  арналған  "Бала тілі н  тапқан ақын" атты тәрбие сағаты  өткізілді. «Балдырған» журналы мен «Жазушы», «Жалын» баспаларында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, балалар үшін көптеген кітаптар шығарған ақын-жазушы Ермек Өтетілеуұлының шығармаларын оқушыларға кеңінен таныстырып, оқыту, мол мұрасын насихаттау
МҰРАТ ӘУЕЗОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
20
январь
2023
МҰРАТ ӘУЕЗОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
      Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдық мерейтойына орай «Ұлының ұлы болу – үлкен жауапкершілік»Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сабақ және «Тәуелсіздік тарландары» атты деректі фильм көрсетілді.
БЕГАЛИН АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАҒА САЯХАТ
06
январь
2023
БЕГАЛИН АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАҒА САЯХАТ
      Балалардың қысқы демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру, әрі «Оқуға құштар мектеп» жобасын жоспарға сай жүзеге асыру мақсатында бүгін №59 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасына саяхаттап, қазақтың дарынды жазушысы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне қатысты. Негізі 1877 жылы қаланған қаламыздағы тарихы терең мекемелердің бірі Сапарғали Бегалин атындағы кітапханада жарты миллионға жуық кітап қоры бар, оқу залы,
«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!» АТТЫ ШЫРША КЕШІ ӨТТІ.
29
декабрь
2022
«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!» АТТЫ ШЫРША КЕШІ ӨТТІ.
       Бүгін бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Жөні де, орны да бөлек, әрі сән-салтанатымен, жоғары көңіл-күймен өтетін аталмыш кеш балалардың жүрегінде мәңгі сақталатындай етіп өткізу мектеп әкімшілігіне де, мұғалімдер үшін де үлкен міндет, әрі абыройлы шаруа болып табылады. Бұл іске жоғары сынып оқушылары да кірісіп, театрландырылған шоу көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтеруге барын салып жатады. Міне, бүгін мектебімізде ұйымдастырылған
ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
14
декабрь
2022
ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
       Бүгін қоғамдық-гуманитарлық пәндер  бірлестігінің онкүндігінің жұмыс жоспарына сәйкес  ««Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» атты тақырыпта Тәуелсіздік күніне орай мұғалімдер арасында  танымдық іс-шара өткізілді. Тарихи есімдер, тарихи жылдар, бейнефильм, Тәуелсіздік  жырын шырқаңыз, – сияқты 4 кезеңнен тұрған сайысқа мектеп мұғалімдері қатысып, қызықты да көңілді іс-шараның куәсі болды.  Жылқыбаева Ләззат Ақәділқызы бастаған тарихшы мұғалімдер сайысты барынша қызу өткізіп, жоғары