Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БҮГІН МЕКТЕПТЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
01
июнь
2023
БҮГІН МЕКТЕПТЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
     Бүгін мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті.  Биылғы салтанатты кеш жылдағы дәстүр бойынша 25 мамырда емес, 1 маусымға ауыстырылып, «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға 4, 9, 11 сынып оқушылары қатысып, үлкен мерекелік шараның куәсі болды. Балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алған түлектер мектеп оқушылары ретінде бүгін соңғы рет қоңыраудың сыңғырын естіп, ерекше әсерге бөленсе, келесі мектеп оқушылары сыныптан сыныпқа көшіп,
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕП, КІТАП СЫЙЛАДЫ.
24
май
2023
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕП, КІТАП СЫЙЛАДЫ.
     Бүгін мектеп фоесінде 10-сынып оқушылары бітіруші түлектерге арнап кішігірім іс-шара ұйымдастырды. «Ақ жол саған, жас түлек!» деген тақырыппен ұйымдастырылған іс-шара мектеп бітіргелі жатқан 11-сынып оқушыларына арналып, құрмет-ілтипат көрсету, үлкен өмірдегі ізгі қадамдарына тілектестік білдіру мақсатында өтті. ҚР Гимні шырқалысымен мектеп парламенті президенті Олжас Молдаберген көмекшілерімен бірге игі шараны ашып, жүргізіп, аталмыш жиынның мән-мақсатын айтып, түлектерге сәт сапарлар
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ
18
май
2023
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ
     Бүгін біздің мектебіміздің оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Дархан» мөлтек ауданында орналасқан «Қарттар үйіне» барып қайтты. Негізінде бұл сапар «Отбасы күніне» орайластырып ұйымдастырылса, екіншіден, биылғы оқу жылындағы игілікті іс-шаралар легін осындай кездесумен түйіндесек дедік. Иә, Ұлы данышпан әл-Фараби бабамыз «Балаға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» деп айтқандай, біздің мектебіміз ұлы бабамыздың осынау ұлағатты сөзін әрқашан басшылыққа алып, тәрбие мәселесіне
ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР.
12
май
2023
ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР.
    Бүгін денешынықтыру және АӘжТД пәндерінің онкүндігінің соңғы күнінде футболдан мектепішілік турнир ұйымдастырылып, оған 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысты. Футбол десе, ішкен асын жерге қоятын біздің мектеп оқушылары бұл ойынға барын салып, бас жүлдені жеңіп алу үшін қам-қарекет жасады. Мектеп оқушылары, қыздары бар, ұлдары бар, әрқайсылары өз командаларына қолдау білдіріп, «Алға!», «Сендер жеңімпазсыңдар, мықтысыңдар!» деп қошемет, демеу беріп отырды. Тартысты өткен ойын нәтижесінде
АҒАЙЫНДЫ ЕКІ ОҚУШЫ І ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
10
май
2023
АҒАЙЫНДЫ ЕКІ ОҚУШЫ І ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
     Бүгін мектебімізде шахмат ойыны бойынша мектепішілік турнир өтті. 5- 6 және 7-8 сынып оқушылары қатысқан сайыс олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылып, балалар өзара біліктіліктерін ортаға салды.  Денешынықтыру пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында өткен сайыс тартысқа толы болып, кейбір жұптар тіпті екі сағаттан астам ойнап жатты. Нәтижесінде 5 және 6 сынып оқушылары арасында өткен сайыста 1-орынды Кенжебек Батырали, 2-орынды Юсуп Нұрислам, 3-орынды Ғабит Алдияр жеңіп алса, 7-8 сынып
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
05
май
2023
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
     Бүгін денешынықтыру пәні бірлестігінің онкүндігі аясында кезекті ашық сабақтар өткізіліп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Бастауыш сыныптарда «Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру. Бір орыннан ұзындыққа секіру» тақырыбында пән мұғалімі Байсмаков Олжастың 2 «А» сыныбына өтсе, «Жүгіру және оның түрлері» тақырыбында 3 «Ә» сыныбына Тұрғанбаев Өркеннің ашық сабағы өткізілді. Ойын, жүгіру, секіру дегенді жан-тәні жақсы көретін бастауыш балалары бұл жолы да құлшыныс білдіріп, сабақтарда өздерін
«ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.
03
май
2023
«ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.
     Бүгін мектебімізде тарих пәні бірлестігінің ұйытқы болуымен «Ерлік – елге мұра» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 9 «Б» сыныбының оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелді пән мұғалімі Рақымбекова Нұршат Қаһарманқызы жүргізіп, аталмыш іс-шара алдағы келе жатқан Ұлы Жеңіс күніне орайластырып өтіп жатқандығын айтып кетті. Оқушыларға алдымен бейнефильм мен слайд көрсетіліп, сұрапыл соғысқа қатысты мәліметтерді және Қазақстанның ұлы жеңісті жақындатудағы ролі мен
БАСТАУЫШТЫҢ ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
28
апрель
2023
БАСТАУЫШТЫҢ ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
    Ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш мектепте қолөнер ісі бойынша көрме ұйымдастырылып, балалар өздерінің қағаз бен картоннан жасаған бұйымдарын, салған суреттерін әкеліп, көрмеге қойып, өз өнерлерін көрсетіп жатты. Бүгін онкүндіктің қорытынды іс-шарасы ретінде бастауыш сынып оқушылары арасында қолөнерімен ерекшеленген балалар грамоталармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Атап айтар болсақ, Қуандық Аяулым мен Байтақын Аруна – 1-орынға, ал Сарсенбай Аяулым –