Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БЕЛСЕНДІ БОЛҒАН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ОСКАР МҮСІНШЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ.
27
апрель
2023
БЕЛСЕНДІ БОЛҒАН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ОСКАР МҮСІНШЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ.
     Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігінің қорытынды іс-шарасы ұйымдастырылып, белсенді болған мұғалімдерге оскар мүсіншесі табыс етілді. Соңғы он күн бойы ағылшын тілі пәні мұғалімдері көптеген іс-шаралар өткізіп, өздерінің ұйымшылдықтары мен бірліктерін, креативті ойлау қабілеттерін ортаға салып, қызықты дүниелерін ұсына білді. Мұғалімдерге арналған «Ағылшын тілін үйренейік!» атты  шеберлік сабақтары әріптестерге оң әсер етіп, ағылшын тіліне деген қызығушылықтары артып, көптеген
ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫМЫЗ ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
27
апрель
2023
ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫМЫЗ ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
     Бүгін сондай-ақ ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында апталыққа атсалысып, қолөнерімен ерекшеленген талантты балаларымыз грамоталармен марапатталды. Оқушыларымыз қағаздан әртүрлі бұйымдар жасап, суреттер салып, оларды көрмеге қойып жатты. Нәтижесінде жоғары баға алған балаларымыз, атап айтар болсақ, Тулебай Айдана (6 «А») – 1-орын, Суюнбай Искандер (6 «А») – 2-орын, Қойгелді Мөлдір (6 «Ә») – 3-орындарға ие болып, арнайы грамоталармен марапатталды. «Жарайсыңдар!» дейміз.
6-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА КВЕСТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
24
апрель
2023
6-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА КВЕСТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
    Бүгін Ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында кезекті іс-шаралар ұйымдастырылып, Квест ойындар өткізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрбанбай Балжан 6-сыныптар арасында ойын өткізіп, тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолданды. Нәтижесінде аталмыш шара сәтті өтіп, жоғары ұпай алып, белсенділігімен ерекшеленген сыныптар мен оқушылар дипломдармен марапатталды.   
«MY DAILY ROUTINE»
19
апрель
2023
«MY DAILY ROUTINE»
      Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында іс-шаралар жалғасын тауып, жоспарға сай жүзеге асырылды. «Менің күнделікті істерім» («My daily routine») тақырыбында мұғалімдерге арналған кезекті сабақ өтіп, ағылшын тілін тереңірек меңгеруге мүмкіндіктер жасалды. Аталмыш сабақты пән мұғалімдері Құрбанбай Балжан мен Сейсенбек Ғазиза жүргізіп, қызықты әрі  пайдалы болуына ұйытқы болды. Қатысқан мұғалімдерге шет тіліндегі күнделікті қолданылатын сөздердің ерекшеліктері мен ережелерін
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚ ӨТТІ.
18
апрель
2023
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚ ӨТТІ.
     Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында мұғалімдерге арналған сабақ өтті. «Ағылшын тілін үйренуді бастайық» деген тақырыпта өткен сабақты пән мұғалімдері Айгерім Мекзам мен Надырова Назым жүргізіп, мұғалімдерге ағылшын тілінің бастапқы сатысындағы ауызшы сөйлесуді үйретті. Топ-топқа бөлініп, сөздіктермен жұмыс істеп, мұғалімдер бір-бірімен ағылшынша сәлем беріп, танысып, жақсы тілектер айтып, көңілді бір ахуалда ұйымдастырылды. Ойындар да болып, бүгінгі туылған күн иесі
ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ
10
апрель
2023
ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ
      Өткен сенбі күні эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында бірлестік мұғалімдері оқушылармен бірге Қастеев музейіне саяхаттап қайтты. Шет елдік және қазақстандық танымал суретшілердің туындыларын тамашалаған оқушылар нағыз бейнелеу өнерінің құдіреті мен сырына үңіліп, көп нәрсені аңғарып қайтты. Жалпы мұражайларды аралату, өнер орталықтарына апару балаларға оң әсер етіп, бойларында өнерге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын қалыптастыруға болады. Эстетикалық пәндер
МЕКТЕПІШІЛІК ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
06
апрель
2023
МЕКТЕПІШІЛІК ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
       Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында «Жұлдызды сәт» мектепішілік өнер байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында мектебіміздің «Ақ желен» домбырашылар тобы жоғары ұпай алып, жеңімпаз атанды. Енді үздік болған жеңімпаздар алдағы аудандық, қалалық «Жұлдызды сәт» өнер байқауларына қатыспақ. Өнерпаз оқушыларымызға сәттіліктер тілейміз. Іс-шараны ұйымдастырған: Кыпшакова Дариға және Алибекова Ләйлім. 
ШЕБЕРЛІК САБАҚТА СӘНДІК СӨМКЕ ЖАСАДЫ.
06
апрель
2023
ШЕБЕРЛІК САБАҚТА СӘНДІК СӨМКЕ ЖАСАДЫ.
    Бүгін Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «Фетрмен жұмыс жасау» тақырыбында шеберлік сабақ өтті. Ұйымдастырушы апайлар, «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері Бижанова Гүлжан мен Сауат Айман шеберлік сабағында мұғалімдерге фетрмен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, қалай әдемі, тез және күнделікті қажетті болатын заттарды жасаудың жолдарын көрсетті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер бір кісідей атсалысып, тігін өнеріндегі қабілеттерін ортаға салып, әдемі, шағын бұйымды жасап
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
17
март
2023
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
    Бүгін мектебіміздің 6-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Ләйлім Алибекова) аудандық №1 балалар және жас өспірімдерге арналған кітапханамен бірігіп, “Қош келдің, Наурыз“ атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында салт-дәстүр, ұлттық тағамдар, әдет-ғұрыптары көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Қазақтың әндері айтылды. Тұсау кесер, шашу, сүйінші, байғазы секілді ұлттық салт-дәстүрлерден үзінділер көрсетілді. Жалпы іс-шара қызықты өтіп, балалардың да көңілдері көтеріліп, қазақтың
«БІЗ ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛТАНЫ МЕН ҚЫЗЫМЫЗ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ.
16
март
2023
«БІЗ ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛТАНЫ МЕН ҚЫЗЫМЫЗ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ.
      Бүгін 8 «Ә» сыныбында «Біз қазақтың сұлтаны мен қызымыз» атты сайыс өтті. «Бұл ән өзге әннен өзгерек» демекші, аталмыш іс-шара шынында да 3-тоқсанның аяқталар тұсындағы, әрі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңындағы қызықты әрі көңілді іс-шаралардың бірі болды. «Армысың, өнер сүйер асыл халқым, Мереке құтты болсын ауылдасым» деп сайыстың басы осындай әдемі сөздермен басталған іс-шара негізінен ертеңгі әке, ана болатын ұл-қыздарымызға ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын