ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР.
12
май
2023

ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР.

    Бүгін денешынықтыру және АӘжТД пәндерінің онкүндігінің соңғы күнінде футболдан мектепішілік турнир ұйымдастырылып, оған 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысты. Футбол десе, ішкен асын жерге қоятын біздің мектеп оқушылары бұл ойынға барын салып, бас жүлдені жеңіп алу үшін қам-қарекет жасады. Мектеп оқушылары, қыздары бар, ұлдары бар, әрқайсылары өз командаларына қолдау білдіріп, «Алға!», «Сендер жеңімпазсыңдар, мықтысыңдар!» деп қошемет, демеу беріп отырды. Тартысты өткен ойын нәтижесінде 1-орынды 11 «Б» сынып оқушылары жеңіп алса, 2-орынға 11 «А» сынып оқушылары, 3-орынға 9 «А» сынып оқушылары ие болды. Осылайша онкүндік керемет ойындармен аяқталып, оқушылар дән риза болып, жеңімпаздар грамота, кубоктарға ие болып, мәре-сәре болып жатты. Денешынықтыру пәні мұғалімдері он күн бойы түрлі іс-шаралар мен ашық сабақтар өткізіп, биылғы оқу жылындағы іс-шараларды осындай керемет ойындармен аяқтап отыр.