«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ӨТТІ.
07
февраль
2023

«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ӨТТІ.

     Бүгін мектебімізде шахмат ойыны бойынша мектепішілік  «Жас Шахматшы» турнирінің алғашқы жарыс күні өтті. Алғашқы жарыс күнінде 5-ші және 6-шы сынып оқушылары арасында өтіп, олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Яғни, ойын барысында ұтылған оқушы жарыстан шығып қала береді.  Бүгінгі турнир Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылып, оқушыларды жұп-жұпқа бөліп, барынша қолайлы жағдай орнатылды. Өте тартысты, ойынға барынша берілген оқушылар, жоғары ұпай алуға тырысып, ақыл-күштерін салды. Сайыс барысына дене шынықтыру пәні мұғалімі Данияр Ташаухан мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медет Ерсариев төрелік етіп, ойыншыларды қадағалап отырды. Мектебімізде іс-тәжірибеден өтіп жатқан практикант қыздарымыз, ЖенПу-дің 2-курс студенттері Аяғанова Нұрсұлу мен Темірбекқызы Назерке аталмыш сайыстың жоғары деңгейде өтуіне қолғабыс етіп, көмектерін беріп отырды. Нәтижесінде 1-ші орынды 6 «В» сынып оқушысы Юсупов Нұрислам, 2-ші орынды тағы да 6 «В» сынып оқушысы Аббазбек Диас иеленсе, 3-ші орынға 5 «Г» сынып оқушысы Нұрмұхамед Айбек жайғасты. Жарайсыңдар, дейміз. Осылайша турнирдің алғашқы күні тартыспен өтіп, жеңімпаздары анықталды. 

      Бұл турнирді ұйымдастырушылар - «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» мектепішілік бөлімінің аға тәлімгері Қанат Едігетегі,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медет Ерсариев және дене шынықтыру пәні мұғалімдері.