«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!» АТТЫ ШЫРША КЕШІ ӨТТІ.
Бүгін бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Жөні де, орны да бөлек, әрі сән-салтанатымен, жоғары көңіл-күймен өтетін аталмыш кеш балалардың жүрегінде мәңгі сақталатындай етіп өткізу мектеп әкімшілігіне де, мұғалімдер үшін де үлкен міндет, әрі абыройлы шаруа болып табылады. Бұл іске жоғары сынып оқушылары да кірісіп, театрландырылған шоу көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтеруге барын салып жатады. Міне, бүгін мектебімізде ұйымдастырылған Жаңа жылдық шырша кеші әсем безендірілген залда мектеп парламенті мүшелері, белсенді оқушылардың атсалысуымен, Қазақстанға белгілі актирса Лиза Серикованың жүргізуімен думанға толы салтанатпен өтті. Әртүрлі кейіпкерлердің киімін киіп келген балалар думанды кешке атсалысып, ән-билерін көрсетіп, өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Аяз ата мен Ақшақар өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге сыйлықтарын беріп, көңілдерін көтеруге тырысып бақты. Жалпы үлкен дайындықпен ұйымдастырылған шырша кеші жоғары деңгейде өткізіліп, балалардың көңілінде мәңгі қалатындай болды. Мектеп басшысы Қасымова Айжан Тойбекқызы сөз кезегінде ұйымдастырушылар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне алғысын білдіріп, барша қонақтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Өз тарапымыздан аталмыш іс-шараға жауапты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апайға, мектеп парламенті мүшелеріне, Аяз атаның ролін сомдаған дене шынықтыру пәні мұғалімі Ташаухан Даниярға, актриса Лиза Сериковаға, әсем ырғақты музыкалармен әрлеп отырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсариев Медетке және бастауыш сынып мұғалімдеріне, сондай-ақ 2009 жылы мектеп бітіріп кеткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жабаева Гүлбаршын апай мен биология пәні мұғалімі Ибраимова Бақыт апайдың оқушылары Қалдыбаев Айбар, Әбіләкім Бексұлтан секілді мектеп түлектеріне мектебіміздің жаңа жыл кешінде жасаған сыйлықтары үшін ризашылық сезімімізді білдіре отырып, үлкен бірлікпен, ұйымшылдықпен ұйымдастырылған осындай игі шаралар, ізгі жұмыстар Жаңа жылда да жалғасын тауып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлесімізді қоса берейік дегім келеді.
