Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕП, КІТАП СЫЙЛАДЫ.
24
май
2023

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕП, КІТАП СЫЙЛАДЫ.

     Бүгін мектеп фоесінде 10-сынып оқушылары бітіруші түлектерге арнап кішігірім іс-шара ұйымдастырды. «Ақ жол саған, жас түлек!» деген тақырыппен ұйымдастырылған іс-шара мектеп бітіргелі жатқан 11-сынып оқушыларына арналып, құрмет-ілтипат көрсету, үлкен өмірдегі ізгі қадамдарына тілектестік білдіру мақсатында өтті. ҚР Гимні шырқалысымен мектеп парламенті президенті Олжас Молдаберген көмекшілерімен бірге игі шараны ашып, жүргізіп, аталмыш жиынның мән-мақсатын айтып, түлектерге сәт сапарлар тіледі. Шара барысында маңызды сәттің бірі 10-сынып оқушыларының 11-сыныптарға сый-сыяпат ретінде кітаптар сыйлау еді. Сөйтіп, бәрі жапа-тармағай кітаптарын беріп, құттықтап, тілектерін жаудырып жатты. Игі ниетпен ұсынылған сыйлақтарды бітіруші түлектер ризашылықпен қабыл алып, мектеп мақтанышы, бірнеше Республикалық байқаулардың жеңімпазы Нұрхан Абдулла 10-сынып оқушыларына рахметін айтып, сыныптастары атынан ризашылық сезімін білдірді. Мектеп басшысы Айжан Тойбекқызы сөз кезегінде мектеп бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіріп, үлкен өмірге батыл қадым басып, барлық қиындықтардан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді.  Іс-шара соңында естелік үшін суреттерге түсіп, мәз-мейрам болып тарқасты.