Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БҮГІН МЕКТЕПТЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
01
июнь
2023

БҮГІН МЕКТЕПТЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.

     Бүгін мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті. Биылғы салтанатты кеш жылдағы дәстүр бойынша 25 мамырда емес, 1 маусымға ауыстырылып, «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға 4, 9, 11 сынып оқушылары қатысып, үлкен мерекелік шараның куәсі болды. Балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алған түлектер мектеп оқушылары ретінде бүгін соңғы рет қоңыраудың сыңғырын естіп, ерекше әсерге бөленсе, келесі мектеп оқушылары сыныптан сыныпқа көшіп, ақылдарына ақыл қосты. Салтанатты жиынды білікті педагог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха өзіне тән дағдылы мәнерінде жүргізіп, сценариге сай кеш барысын атқарып отырды. Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, мемлекеттік Ту ортаға әкелінді. «Шолпан жұлдыздары» бишілер тобы алаң ортасында мың бұрала билеп, салтанатты кештің көркін арттырды. Мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы жиынды ашу барысында жиналған қауымға құттықтау сөзін айтып, биылғы оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдер мен оқушыларды марапаттап, мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға ізгі тілегін тіледі. Мектептің талантты балаларынан құралған вокалды топ ән орындап, жиналған жұртты айырықша әсерге бөлесе, бірінші сынып оқушылары мектеп бітіруші ағалары мен әпкелеріне тақпақтарын нақышына келтіре айтып, көңілдерін бір серпітіп тастады. Мектеп бітіруші түлектер рәсім бойынша оныншы сынып оқушыларына Мемлекеттік туды тапсырып, ақ тілегін тіледі. Қорытынды бөлімінде түлектер бірлесе ән айтып,  «Мектеп вальсін» билеп, түрлі-түсті шарларды ұшырып, естеліктерге суреттерге түсіп, бірін-бірі құттықтап, мәз-мейрам болып жатты. Жалпы бүгінгі кеш керемет өтіп, жоғары деңгейде атқарылды. 

Аталмыш шараға жауапты болғандар – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Кыпшакова Дариха, Әлімжан Дархан Мұхитұлы.