Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БҮГІН «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ.
10
апрель
2023

БҮГІН «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ.

      Бүгін №59 мектеп-гимназиясында  2-ші және 5-ші сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы өтті. Бүгінгі қабылдау рәсіміне 121 оқушы қатысып, оның ішінде 61 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына, 60 оқушы «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданды. Жылына екі рет өтетін жиынның бүгінгі көктемгі мезгілде өткізілген іс-шарасы үлкен дайындықпен ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті. Мектебіміздің белсенді оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Қанат Ерали мен ұланбасы Мадалимова Айжан салтанатты жиынды жүргізіп, ұйымның мақсат-міндеттері мен ережелерімен таныстырып, қатысып отырған барша көрермендердің көңілінен шығып отырды. Сценарий бойынша Мемлекеттік ту мен «Жас Ұлан» ұйымының туы ортаға маршпен шығарылып, әнұран орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының әні шырқалды. Оқушылардың «Ант» қабылдау сәті де бір ерекше көңіл-күймен өтті. Ту түстес галстук пен төсбелгіні мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың бірлесе отырып тағуы- бұл да бір есте қаларлық көрініс болды. Мектебіміздің домбырашылар тобы «Балбырауын» күйін орындап, жиналған көрермендерді айырықша күйге бөлесе, талантты әншіміз Али Аружан «Туған ел» әнін орындап, көңілдерін көтеріп тастады. Қорытынды бөлімінде мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы сөз алып, оқушыларды ұйымға өтуімен құттықтап, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі, ақылды азамат болыңдар деген тілегін жеткізді.  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апай да өз құттықтауын айтып, барша жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. Жалпы аталмыш іс-шара оқушылар үшін ұмытылмастай әсер қалдырып, жоғары қарқынмен атқарылып өткізілді. Бұл игі шараға жауапты: мектеп тәлімгері Едігетегі Қанат Әбдіманапұлы