Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ
18
май
2023

БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ

     Бүгін біздің мектебіміздің оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Дархан» мөлтек ауданында орналасқан «Қарттар үйіне» барып қайтты. Негізінде бұл сапар «Отбасы күніне» орайластырып ұйымдастырылса, екіншіден, биылғы оқу жылындағы игілікті іс-шаралар легін осындай кездесумен түйіндесек дедік. Иә, Ұлы данышпан әл-Фараби бабамыз «Балаға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» деп айтқандай, біздің мектебіміз ұлы бабамыздың осынау ұлағатты сөзін әрқашан басшылыққа алып, тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Жыл бойы көптеген ізгі шаралардың ұйытқысы болып, біздің ұстаздар балаларға тек жылы сөздермен тәрбие беріп қоймай, сонымен қатар, жақсылық  пен жамандықтың ара-жігін ажырата біліп, қайырымдылық пен қамқорлықтың қандай болуы керек екенін көрсету үшін Балалар мен Қарттар үйіне апарып, музейлер мен мәдени орындарды аралатады.  Бұл өз кезегінде жанашырлық пен қайырымдылық сезімдерін оятып,  игі қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. «Золотые годы» деп аталатын аталмыш «Қарттар үйі» бірнеше жыл бұрын ашылып, денсаулығы нашар, жасы келген қарттарды күтетін бірден-бір әлеуметтік мекеме ретінде жұмыс істеп келеді. Тұрысбекова Сағат Дәулетханқызы- жүрегі жылы, жанына тек игі қасиеттерді ұялатқан алтындай апайымыз аталмыш мекемені басқарып, Нағима Оспанқызы (күтуші-мейірбике), Қаршыға Әбдірайымқызы (аспазшы) секілді бірнеше ізгі жандармен қамқорсыз қалған қарт кісілерді күтіп, тамақтандырып, барлық жағдайларын жасап келеді. Біздің балаларымыздың келгеніне қатты қуанып қалған қарттар мен мекеме қызметкерлері риза болып, жақсы көңіл-күймен қарсы алып алды. Оқушыларымыз мәдениеттілік танытып, амандасып, халдарын сұрап, өздері дайындап әкелген қазақша, орысша өлеңдерін («Туған ел», «Чему учать в школе?» «Если сдругом вышел в путь») хормен айтып, тақпақтарын мәнерлеп оқып, сол жердегі ата-әжелердің көңілдерін бір серпітіп тастады. Хал үстінде төсек тартып жатқан Сарқыт апа балаларымызға мейірлене қарап, көз жасына ерік беріп, ақ батасын беріп, «Көп жасаңдар, айналайындар!», «Жақсы бала болыңдар!» деп игі тілегін айтып жатты. Біздің оқушыларымыз да «Ауырмаңыз!», «Жазылып кетіңіз!» деген сөздерін айтып жатты. Кетер соңында бірлесе суретке түсіп, жақсы-жақсы тілектер айтып, жайылған дастарханнан дәм татып, қош айтысты. Осылайша үстіміздегі оқу жылының балалар үшін естен кетпес бір кездесу (Қарттармен) осылайша тәмам болды. Өз кезегімізде осындай кездесуге мүмкіндік берген мекеме басшысы Сағат Дәулетханқызына ризашылық сезімімізді білдіре кетсек дейміз. Қамқорсыз қалған түр әлпеті аянышты осындай қарт ата-апаларға жасап жатқан игі ісіңіз құдайдан еселеніп қайтсын дейміз. 

Балаларды «Қарттар үйіне» апарып, кездесуді ұйымдастырған – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, аға тәлімгер Қанат Едігетегі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медет Ерсариев.