БІЗДІҢ БАЛАЛАР "БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАП - 2022" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЗДІҢ БАЛАЛАР "БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАП - 2022" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
25
ноябрь
2022

БІЗДІҢ БАЛАЛАР "БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАП - 2022" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ

Бүгін біздің 11-сынып оқушылары, "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері, Алматы қаласының "Атакент" халықаралық көрме орталығына барып, Халықаралық "Білім және мансап - 2022" көрмесін тамашалап қайтты. Әлемнің бірнеше мемлекетінен және Қазақстандық жоғары оқу орындары көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, келген балаларға өз оқу орындарының артықшылықтары мен заманауи мамандықтары туралы және гранттарға қалай түсуге болатындығын кеңірек түсіндіріп беріп жатты. Көрме ішінде конференциялар, әртүрлі сұхбаттар ұйымдастырылып, келген қонақтардың көңілінен шығуға тырысып баққандығы көрініп тұрды. Біздің балалар қызығушылық танытып, оқу орындарының өкілдеріне көптеген сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мазалаған сұрақтарына жауаптарын алды. Жалпы бұл Халықаралық көрме біздің балалар үшін ғана емес, алматылық жастар үшін де пайдалы болды деп есептейміз. Сондықтан да осындай іс-шаралардың жиірек ұйымдастырылып тұрғаны дұрыс. Осындай ізгі тілекті көрме ұйымдастырушыларына да жеткізгендей болдық. Ал біздің балаларға, жасұландықтарға өз оқу орындарын дұрыс таңдап, болашақта білімді де білікті маман иесі болып шығуын тіледік.