Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БАСТАУЫШТЫҢ ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.
28
апрель
2023

БАСТАУЫШТЫҢ ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

    Ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш мектепте қолөнер ісі бойынша көрме ұйымдастырылып, балалар өздерінің қағаз бен картоннан жасаған бұйымдарын, салған суреттерін әкеліп, көрмеге қойып, өз өнерлерін көрсетіп жатты. Бүгін онкүндіктің қорытынды іс-шарасы ретінде бастауыш сынып оқушылары арасында қолөнерімен ерекшеленген балалар грамоталармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Атап айтар болсақ, Қуандық Аяулым мен Байтақын Аруна – 1-орынға, ал Сарсенбай Аяулым – 2-орынға ие болды. Осылайша игі іс-шаралармен қорытындыланған онкүндік жақсы көңіл-күйлермен бітіп, озат, белсенді оқушыларымыз алғыс хаттармен марапатталуда. Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Сейсенбек Ғазиза апайға өз тарапымыздан алғыс айта отырып, балалардың шығармашылық әлеуетін арттырудағы еңбектері жемісті бола берсін дейміз.