Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
21
октябрь
2022

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

      Бүгін №59 мектеп-гимназиясында Республика күніне орай үлкен қоңырауда салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мектебіміздің география пәні мұғалімі Гүлмира Арзикулова апайдың 10 «А» сынып оқушылары атаулы датаға байланысты іс-шара  өткізіп, патриоттық номер ұйымдастырды. Әнұран орындалып, Көк тудың желбірегені әнін оқушылар мен ұстаздар қосылып хормен айтты. Қазақстанның әр жылдарда жеткен жетістіктерін оқушылар тізбектеп тұрып баяндап берді. Жарайсыздар дейміз. Кішігірім шара болса да үлкен дайындықпен келіп, көңілден шығатындай өткізілді. Осындай ізгі істі ұйыдастырған апайларға, әсіресе Гүлмира Әзкенқызына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Дариха Кыпшакова апай мен Дархан Мұхитұлына үлкен алғыс айтамыз. Патриоттық рухта тәрбиеленген оқушыларымыз биіктен көріне берсін деп тілектестік білдіреміз.