Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
КЕЗЕКТІ ОҚЫРМАНДАР ТАЛҚЫСЫ ӨТТІ.
13
февраль
2023
КЕЗЕКТІ ОҚЫРМАНДАР ТАЛҚЫСЫ ӨТТІ.
        Бүгін жоспарға сәйкес кезекті оқырмандар талқысы өтті. Бұл жолы оқырмандар талқысына Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі түсіп, жан-жақты талқыланды. Халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы саналатын аталмыш шығарманы оқырмандар үлкен қызығушылықпен талдап, өзара пікір алмасты. Кітапта баяндалатын салт-сана мен дәстүр, жөн-жоралғыларымыз, ондағы ерекшеліктер күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жоғалтпай, қайта
КВЕСТ ОЙЫНҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ.
07
февраль
2023
КВЕСТ ОЙЫНҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ.
     Бүгін мектебімізде «Ізбасар» жас мамандар бірлестігінің 16.01.-31.01.2023 ж. аралығында өткізілген «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты квест-онкүндігінде тәлімгер мен тағылымгердің арасында ұйымдастырылған квест ойынға белсене қатысқан жас мамандар марапатталып, диплом мен сертификаттарға ие болды. Мектебіміздің он тоғыз жас маманның он бесі квест-онкүндікте тиімді сабақтар мен тренингтер, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өздерінің біліктіліктері мен қабілеттерін ортаға салды.
«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ӨТТІ.
07
февраль
2023
«ЖАС ШАХМАТШЫ» ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ӨТТІ.
     Бүгін мектебімізде  шахмат ойыны бойынша мектепішілік    «Жас Шахматшы» турнирінің алғашқы жарыс күні өтті.  Алғашқы жарыс күнінде 5-ші және 6-шы сынып оқушылары арасында өтіп, олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Яғни, ойын барысында ұтылған оқушы жарыстан шығып қала береді.  Бүгінгі турнир Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылып, оқушыларды жұп-жұпқа бөліп, барынша қолайлы жағдай орнатылды. Өте тартысты, ойынға барынша берілген оқушылар, жоғары ұпай алуға тырысып, ақыл-күштерін
БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР «ФУРМАНОВ» ШЫҢЫНДА
30
январь
2023
БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР «ФУРМАНОВ» ШЫҢЫНДА
     Жас ұрпақ тәрбиесімен айналыса жүріп, деннің саулығын да ұмытпау, әрқашан бойды ширақ ұстап, спортпен шұғылдану- мұғалімдер үшін маңызды жайттардың бірі. «Дені саудың – жаны сау» демекші, тек дені сау, көңіл-күйі сергек жандар ғана жұмысына беріліп, бар шаруаны тиянақты атқара алады. Біздің №59 мектеп-гимназияның ер мұғалімдері спортпен жиі шұғылданып, тау шығуды, әуесқой альпинизммен айналысуды бұл күндері әдетке айналдырған. Алматы айналасындағы биік-биік шыңдар, айта кететін болсақ,
ӨНЕРЛІ БАЛАЛАР БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ.
30
январь
2023
ӨНЕРЛІ БАЛАЛАР БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ.
    Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар байқауы мен Республикалық "Бойтұмар kz" балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби-танымдық журналы ұйымдастырған байқауда мектебіміздің 4-сынып оқушысы Қанағат Інжу бақ сынасып, «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша топ жарып, 3-орынға ие болды. «Жарайсың!» дейміз. Сонымен бірге Қанағат Інжудің жетекшісі Кыпшакова Дариха апай шәкірт шығармашылығын шыңдаудағы зор еңбегі үшін «Үздік ұстаз» деген дипломмен марапатталып, ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКАСЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ.
30
январь
2023
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКАСЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ.
    Бүгін «Кітап әуесқойы» жобасы аясында оқырмандар талқысы өтіп, жоспарға сай Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» зерттеу еңбегі ортаға салынды. Бұл жолғы іс-шараны өткізу қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызына түсіп, әріптесімізге күрделі, бірақ мұғалімдер үшін өте пайдалы кітапты талдау, оқырмандармен бірге талқылау міндеті тұрды. Іс-шараға қатысқан мұғалімдерден алдымен тест тапсырмасын алып, тренинг өткізіп, кейінірек зерттеу еңбегіне байланысты пікірлері
ДАБЫЛ ЧЕМОДАНЫ
28
январь
2023
ДАБЫЛ ЧЕМОДАНЫ
     Дабыл чемоданы – бұл құтқарушылар келгенге дейінгі аман қалу үшін керек болатын ең қажетті заттардың негізгі жиынтығы.  Ол заттардың ішінде – ақша, құжаттар, дәрі қобдишасы, бір адамға тәулігіне 3-4 литр су, консервілер, қуатты тамақ, жеке гигиена құралдары, жылы киім, көрпе, радиоқабылдағыш, фонарь, сіріңке, ысқырық. Біз сейсмикалық қауіпті аймақта тұрып жатқандықтан дабыл чемоданы дайын болып тұруы керек дейді,- Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері.  
ДАБЫЛ ЧЕМОДАНЫ
28
январь
2023
ДАБЫЛ ЧЕМОДАНЫ
     Дабыл чемоданы – бұл құтқарушылар келгенге дейінгі аман қалу үшін керек болатын ең қажетті заттардың негізгі жиынтығы.  Ол заттардың ішінде – ақша, құжаттар, дәрі қобдишасы, бір адамға тәулігіне 3-4 литр су, консервілер, қуатты тамақ, жеке гигиена құралдары, жылы киім, көрпе, радиоқабылдағыш, фонарь, сіріңке, ысқырық. Біз сейсмикалық қауіпті аймақта тұрып жатқандықтан дабыл чемоданы дайын болып тұруы керек дейді,- Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері.  
НҰРХАН АБДУЛЛА І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
27
январь
2023
НҰРХАН АБДУЛЛА І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
     2023 жылдың 26 қаңтар күні «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай әлемі» атты шығармашылық байқауының қалалық кезеңін өткізді.  Байқаудың мақсаты: Кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау; зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. №1 номинация: «Жүрегімнің түбіне терең бойла...»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.
27
январь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.
     Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу – оқушылардың мотивациясын дамыту» тақырыбындағы қалалық квест-семинарда көрсеткен жоғары кәсіби жұмыстары үшін Байтанова Меруерт Нұралбайқызы, Хасен Зәру, Ибраимова Бақыт Тасболатқызы, Бектұрсынова Ұмсынай Жандарбекқызы Құрмет грамотасымен марапатталып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Жарайсыздар, дейміз. Енді бұл ұстаздар