ӨНЕРЛІ БАЛАЛАР БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ.
Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар байқауы мен Республикалық "Бойтұмар kz" балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби-танымдық журналы ұйымдастырған байқауда мектебіміздің 4-сынып оқушысы Қанағат Інжу бақ сынасып, «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша топ жарып, 3-орынға ие болды. «Жарайсың!» дейміз. Сонымен бірге Қанағат Інжудің жетекшісі Кыпшакова Дариха апай шәкірт шығармашылығын шыңдаудағы зор еңбегі үшін «Үздік ұстаз» деген дипломмен марапатталып, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Республикалық "Бойтұмар kz" балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби-танымдық журналының директоры А.Б.Керимкулованың алғысына бөленді. Біз де әріптесімізге «Құтты болсын!» дей отырып, өнерлі шәкірттерді дайындаудағы еңбектеріңіз жемісті бола берсін деген тілек білдіреміз.