БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР «ФУРМАНОВ» ШЫҢЫНДА
Жас ұрпақ тәрбиесімен айналыса жүріп, деннің саулығын да ұмытпау, әрқашан бойды ширақ ұстап, спортпен шұғылдану- мұғалімдер үшін маңызды жайттардың бірі. «Дені саудың – жаны сау» демекші, тек дені сау, көңіл-күйі сергек жандар ғана жұмысына беріліп, бар шаруаны тиянақты атқара алады. Біздің №59 мектеп-гимназияның ер мұғалімдері спортпен жиі шұғылданып, тау шығуды, әуесқой альпинизммен айналысуды бұл күндері әдетке айналдырған. Алматы айналасындағы биік-биік шыңдар, айта кететін болсақ, «Фурманов шыңы», «Панорама шыңы», «Күмбел», Шымбұлақ секілді бірталай жерлерге шығып, өздерінің тың, ширақ екендіктерін көрсетіп қана қоймай, өзге әріптестерге де осы жиі ұйымдастырылып тұратын ізгі шараға қосылуға, шыңдарды бірлесе бағындыруға үндеп келеді. Бұл жолы «Фурманов шыңына» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлімжан Дархан, тарих пәні мұғалімі Алишев Нұрғиса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ерсариев Медет пен Едігетегі Қанат көтеріліп, демалыс күндерін тағы бір пайдалы іске арнады. Енді келесі жорық ақпан айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. 


