НҰРХАН АБДУЛЛА І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » НҰРХАН АБДУЛЛА І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
27
январь
2023

НҰРХАН АБДУЛЛА І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

     2023 жылдың 26 қаңтар күні «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай әлемі» атты шығармашылық байқауының қалалық кезеңін өткізді.

 Байқаудың мақсаты: Кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау; зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

№1 номинация: «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эссе байқауында 11-сынып оқушылары арасында мектебіміздің оқушысы Абдулла Нұрхан жүлделі 1-орынды иеленді. Құтты болсын, дейміз. Енді Нұрхан Республикалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік серік болсын деп тілейміз! Жетекшісі- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызы.