Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«БІЗ ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛТАНЫ МЕН ҚЫЗЫМЫЗ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ.
16
март
2023
«БІЗ ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛТАНЫ МЕН ҚЫЗЫМЫЗ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ.
      Бүгін 8 «Ә» сыныбында «Біз қазақтың сұлтаны мен қызымыз» атты сайыс өтті. «Бұл ән өзге әннен өзгерек» демекші, аталмыш іс-шара шынында да 3-тоқсанның аяқталар тұсындағы, әрі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңындағы қызықты әрі көңілді іс-шаралардың бірі болды. «Армысың, өнер сүйер асыл халқым, Мереке құтты болсын ауылдасым» деп сайыстың басы осындай әдемі сөздермен басталған іс-шара негізінен ертеңгі әке, ана болатын ұл-қыздарымызға ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ІІ ОРЫН АЛДЫ.
15
март
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ІІ ОРЫН АЛДЫ.
      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Д.И.Менделеевтің туған күніне орай «Химия ғылымдарының дамуының өзекті аспектілері» атты дәстүрлі ІХ – республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында біздің оқушымыз 6 «Ә» сыныбында оқитын Әбдібек Сания ІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Жарайсың, дейміз. Сонымен бірге әріптесіміз, биология пәні мұғалімі Орайханова Анар Темірханқызы аталмыш конференцияға қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Өз тарапымыздан
ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
14
март
2023
ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
      Біздің №59 мектеп-гимназиясының 5 «Г» сынып оқушылары Жұмабай Даниял, Амангелді Абылайхан және Жанатов Ақжүрек Алматы қаласы Мұстафа Өзтүрік мектебі ұйымдастырған ММА турниріне қатысып, 3-уі де 1-орынға ие болып, жеңімпаз атанып отыр. Жарайсыңдар, дейміз. Бір сыныптан үш оқушы топ жарып, үлкен жарыстан жарқ етіп көрініп жатса, бұл шын мәнісінде мақтанарлық дүние, мектебіміз үшін үлкен жетістік. Спорттың осы бір ерекше түрінен бақтарын сынап, үлкен жарысқа қатысып жүрген оқушыларымыз да
ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.
13
март
2023
ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.
      Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі аясында бейсенбі күні аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына орай іс-шара өтті. Іс-шарада «Жау тылындағы бала» шығармасының желісі бойынша 7-сынып оқушылары сахналық қойылымдар қойып, өзара сынға түсті. Өте тартысты, қызықты, оқушылардың актерлік шеберліктері мен творчестволық қабілеттері ортаға түскен байқау  жалпы онкүндік аясындағы ең айтулы іс-шара ретінде ерекшеленді. Балалар өздерін
БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ ӨТТІ.
13
март
2023
БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ ӨТТІ.
     Жастар арасында жаппай өріс алып, кеңінен насихатталып жатқан ұлттық ойындардың бірі- «Тоғызқұмалақ» ойыны.«Қойшының алгебрасы» деп те айтылатын аталмыш ойын түрі негізінде ақыл-ойды дамытып, балалардың интеллектуалдық қабілетін арттыруға, ойын жинақтауға, сондай-ақ сабырлы, ұстамды болуға көп ықпал етеді. Міне, осы мәселелерді басшылыққа ала отырып, бүгін мектебімізде аталмыш ойын түрінен турнир ұйымдастырылды. 5 пен 6 және 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген сайыста оқушылар өзара
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БЛИЦ-ТУРНИР ӨТТІ.
10
март
2023
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БЛИЦ-ТУРНИР ӨТТІ.
     Кеше мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында «Апамның астауы» тақырыбында көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай 6-сынып оқушылары арасында блиц-турнир өтті. «Апамның астауы» әңгімесі бойынша тест, Проблемалық сұрақтарға жауап, «Кім жылдам?» минутқа оқу секілді үш кезеңнен тұрған іс-шара 6-сынып оқушылары арасында кім жылдам оқу техникасын меңгерген, кімнің ойы жүйрік, әрі белсенді секілді талапты оқушылардың іріктеуге бағытталды. Балалар іс-шара
ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН АШЫҚ САБАҚТАР
10
март
2023
ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН АШЫҚ САБАҚТАР
     Соңғы бір-екі күн көлемінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында тағы бірнеше ашық сабақтар өткізіліп, заманауи әдіс-тәсілдер мен сабақ өткізудің тиімді технологиялары мектеп мұғалімдері мен жас мамандарға ұсынылды. Барлық ашық сабақтар жаңашылдығымен, өзіндік ерекшелігімен өткізілді. Оқу материалдарын игеруде, сабақ құрылымдарында және оқушыларды ұйымдастыра білуде көптеген тиімді тәсілдер ортаға салынды. Кәсіби маман ретінде танылған Торғанбеков Асан Ержанұлының
ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫНДА ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
10
март
2023
ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫНДА ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
    «Алматы Дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша қатысып, жеңімпаз болған баламыз, 10-сынып оқушысы Нұржан Ерасыл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және Сертификатқа ие болды. Құтты болсын, дейміз. Жетекшісі: Егеубаева Камшат Ұласханқызы. 
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ.
07
март
2023
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ.
      Осы аптада қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында кезекті ашық сабақтар өтіп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Дүйсенбі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Такежанова Бақыт Ахатқызының көрнекті жазушы, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі негізінде «Бейбіт күн салтанаты» деген тақырыпта 7 «В» сыныбында ашық сабағы өтсе, бүгін әріптестеріміз Оспанова Гүлжан Сәбитқызы мен Заманбекова Гүлбану Құдайбергенқызының ашық сабақтары өтті.  Қазақ тілі
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.
07
март
2023
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.
    Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай 9-сыныптар арасында «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?» деген тақырыпта сөзталас өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Гүлбаршын Жабаева мен Аида Балтабаева аталмыш іс-шараны жүргізіп, қызу да таласқа толы пікірсайыстың ұйытқысы болды. «Алаш» пен «Жалын» болып, екі топқа бөлінген оқушылар, бірі даттаушы, бірі жақтаушы болып, Махамбет жырындағы «...ерлердің