Әдістемелік жұмыстар » Страница 5 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР БАСТАЛДЫ.
06
декабрь
2022
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА АШЫҚ
      «Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында ашық сабақтар басталды. Бүгін тарих пәнінің мұғалімі Қуанышбай Гүлназ Маратқызының «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма?» деген тақырыбында 6 «В» сыныбына ашық сабағы өтті. Сәтті басталған ашық сабақтар легі енді 15-ші желтоқсанға дейін жалғасып, түрлі сыныптан тыс іс-шаралармен және интеллектуалдық сайыстармен жалғаспақ. Тарихшы
“ЖЕЛТОҚСАН АЛАУЫ” АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ.
05
декабрь
2022
“ЖЕЛТОҚСАН АЛАУЫ” АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ.
       Бүгін біздің мектептің 9 - сынып оқушылары  Түрксіб ауданындағы №1  кітапханасында  болып,  “Желтоқсан алауы” атты кітап көрмесімен  танысып қайтты. Кітапханада сондай-ақ  «Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында әңгімелер мен сұхбаттар жүргізіліп,  «Желтоқсан оқиғасының» Тәуелсіз еліміздің тарихындағы мән-маңызы туралы ойлар айтылды. Сол бір қаһарлы қыста алаңға шыққан намысты ұлдарымыз бен қайсар қыздарымыздың ерліктері мен қаһармандық істері хақында тұшымды пікірлер айтылып, еске алынды.
«ЖИТС - ҒАСЫР ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.
01
декабрь
2022
«ЖИТС - ҒАСЫР ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.
     Бүгін №59 мектеп-гимназия оқушыларымен «ЖИТС - ғасыр  дерті» тақырыбында тәрбие сабақтары өткізілді. Бұл сабақтар даталы күнге байланысты пән мұғалімдерімен (Алишев Нұрғиса, Надырова Назым, Айгерім Мекзам және т.б.) бірігіп ұйымдастырылып, оқушыларға  ғасыр  дертінің   зардабы жайында ақпарат  беріп, оларды салауатты өмір салтына  баулуды мақсат етті. Жалпы бұл тақырып кімге болмасын, маңызды және өте қажет. Өйткені бүкіл әлем халқын мазалап отырған бұл  мәселе әлі де өзінің нақты шешімін
«САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ.
28
ноябрь
2022
«САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ.
Бүгін мектебімізде физика пәнінің мұғалімі Хасен Зәрудің ұйымдастыруымен мұғалімдерге арналған шеберлік сабағы өтті. Сандық біліммен қарулану, білім ресурстары туралы ақпараттармен кеңірек танысу, оқу-оқыту ісінде тиімді пайдалану қазіргі уақытта педагог мамандар үшін аса қажетті. Ментиметр, Джойтека, Каһут секілді сандық білім беру қосымшалары мен платформалары туралы білу, оларды қалай пайдаланып, қайтіп жұмыс істеу керектігінен хабардар болу бүгінгі заманауи білім беруде аса маңызды
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ.
28
ноябрь
2022
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ.
      Бүгін №1 ші аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада мектебіміздің 9-сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна мен аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен өткізілген игілікті шара балалардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастырумен бірге кітапхана секілді рухани-мәдени мекеменің тыныс-тіршілігімен, жаңа кітаптар мен басылымдармен
РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ.
22
ноябрь
2022
РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ.
      Мемлекеттік рәміздер еліміздің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері бар, ерекше қадірленетін, биік мәртебеге ие айырықша нышандар. Бұл рәміздерді қадірлеу- барша азаматқа ортақ парыз. Әсіресе жас ұрпақ бойында ұлттық мәнге ие осынау символдарды құрметтеуге ерте жастан бастап қалыптастыру бүгінде аса маңызды. Бұл жүйелі жұмыс пен үлкен дайындықты қажет ететін нәрселер. Осыған орай бүгін мектебімізде 1-11 сыныптар арасында   "Мемлекеттік рәміздер - еліміздің нышаны" ,
ІЗГІ ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА.
18
ноябрь
2022
ІЗГІ ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА.
      Бүгін келесі бір топ мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушылары (сынып жетекшісі Айжан Сағындыкова) кітапханашы Кабытаева Назира Ажибаевнамен бірге аудандық №1 кітапханаға саяхаттап қайтты. Бұл «Оқуға құштар мектеп» жобасының жалғасы ретінде жүзеге асуда. Балалар кітапханада "Менің Отаным - Қазақстан" атты тәрбие сағатына қатысып, кітаптармен, жаңа басылымдармен танысып, кітапхана қызметкерлерімен көңілді де мазмұнды сұхбат құрып, қызықтап қайтты. Бұл саяхат оқушылар үшін пайдалы болып, білім -
БҮГІН "БАЛА ҚҰҚЫҒЫ -АДАМ ҚҰҚЫҒЫ "  АТТЫ ОНКҮНДІК ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС  ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ.
17
ноябрь
2022
БҮГІН "БАЛА ҚҰҚЫҒЫ -АДАМ ҚҰҚЫҒЫ " АТТЫ ОНКҮНДІК ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС
       Бүгін жоғары сынып оқушылары арасында "Бала құқығы -адам құқығы "   атты онкүндік жоспарына сәйкес   "Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ", "Түнгі қаладағы балалар", "Жасөспірім", "Көше" тақырыптарында  мектеп инспекторы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен дәріс өткізілді. 
«ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА» КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.
15
ноябрь
2022
«ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА» КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.
        Бүгін "Ұлттық валюта» күніне орай 3-сыныптар арасында   тәрбие сағаты өткізілді. Бұл тәрбие сағаттары оқушылардың төл теңгеміздің шығу тарихы мен оның егемен еліміз үшін маңызы үлкен болғандығын түсіндіру мақсатында өткізілді.  29 жыл бұрын алғаш басылып шыққан ұлттық теңгеміз тәуелсіздікті нығайтуға көп әсері тигізгені, сондай-ақ әлемдік банкноттар арасында ең үздік деп танылғаны да белгілі. Сондықтан да ұлттық теңгеміз туралы мәліметтер оқушылардың білім-танымын көтеру үшін ғана емес,