Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республика күнімен құттықтады.
25
октябрь
2022
Республика күнімен құттықтады.
       Қайырлы күн,  құрметті  әріптестер ! « Республика күні »  мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мемлекетіміз барлық салада дамып, өсіп, өркендей берсін. Еліміздің дамуына бірден-бір үлес қосатын, болашақты тәрбиелейтін   –   өздеріңізсіздер. Сіздер, педагог қауым ы,  шығармашылықтарыңыз артып, рухани дамып, оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар беріп, болашағымыздың туы желбіреуіне өз  үлесімізді қоса берейік. Еліміз мерекелі, жеріміз берекелі, өзіміз
«АҚБЕРЕН» ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
21
октябрь
2022
«АҚБЕРЕН» ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
       «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңінде №59 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Нұрхан Абдулла үздік атанып, І орынды жеңіп алды. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша сынға түскен оқушымыз өнер-білімімен алда болып, қарсыластарынан басым түсті. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызы. Енді Республикалық кезеңге жолдама алған талантты баламызға сәттілік тілей отырып,
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАП СУРЕТТЕР САЛДЫ.
21
октябрь
2022
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАП СУРЕТТЕР САЛДЫ.
        Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясының 1-11 сынып оқушылары Республика күніне арнап суреттер салды. Тәуелсіздік, туған жер, атамекен, өскен орта сынды құндылықтарды шығармашылық жұмыстарына арқау етіп, суреттерде бейнелеуге тырысып бақты. Тәуелсіздік күніне орай салған оқушылардың жұмыстарын тамашалай отырыңыздар.           
ӘРІПТЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
20
октябрь
2022
ӘРІПТЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
     Осы аптада «Үздік педагог – 2022» байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетіп, байқау жеңімпаздары анықталды. Біздің әріптесіміз №59 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Торғанбеков Асан Ержанұлы барлық талаптар бойынша үздік болып, І орынды жеңіп алды. Жарайсың, Асан Ержанұлы дейміз. Мектебімізде білім-білігімен, қабілетімен әрдайым алда жүретін әріптесіміз енді байқаудың келесі кезеңіне жолдама алып, бағын сынамақшы. Сәттілік серік болсын! Мектеп-ауданымыздың ғана
«АЛТЫН САҚА» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
19
октябрь
2022
«АЛТЫН САҚА» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
       Бүгін №59 мектеп-гимназиясында математика пәні бойынша республикалық «Алтын сақа» байқауының мектепішілік кезеңі өтуде. 5-6 сыныптар арасында өткізіліп жатқан аталмыш байқауды «Алматы дарыны» орталығының арнайы мамандары келіп өткізуде. Оқушылардың бойында математикалық сауаттылық пен дағдыны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға балалар белсене қатысып, тапсырмаларды тиісінше атқарып шығуға тырысып бағуда. «Алтын сақа» байқауының мектепішілік кезеңіне жауапты –мектеп
2-11-сыныптарға арналған ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) өткізу кестесі.
17
октябрь
2022
2-11-сыныптарға арналған ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) өткізу
     ХАБАРЛАНДЫРУ!     Оқушылар мен ата-аналар назарына! 2022-2023 оқу жылының 1-тоқсанында жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша 2-11-сыныптарға арналған ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) өткізу кестесі.  Тоқсандық жиынтық бағалау 20-27.10.2022 аралығында өткізіледі.  Кестені kundelik.kz электроны журналдан да көре аласыздар. 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ КЕСТЕСІ
МЕРЕЙЛІ ЖАСҚА КЕЛГЕНДЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ.
10
октябрь
2022
МЕРЕЙЛІ ЖАСҚА КЕЛГЕНДЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ.
       Бүгін №59 мектеп-гимназиясында педагогикалық жиналыс барысында мерейлі жасқа келген ұстаздарды құттықтау рәсімі өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі Темирболатова Рита Зейнебекқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейдазимова Элеонора Шариполлақызы бүгінде мерейлі жас 50-ге толып, қуанышқа бөленіп отыр. Бар саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, бала тәрбиелеп, оқытып жүрген Рита Зейнебекқызы мен Элеонора Шариполлақызы ұжым арасында сыйлы, еңбекқор, әрдайым жақсылыққа ұмтылып
АЛМА-АРАСАНДАҒЫ ДЕМАЛЫС
01
октябрь
2022
АЛМА-АРАСАНДАҒЫ ДЕМАЛЫС
      Белсенді болу, әрдайым биік мақсаттарға ұмтылу, жұмысты жаныңды сала отырып істеу қаншалықты маңызды болса, әдемі демала білу, табиғат аясына шығып сауық құру, серуендеу, көңілді отырыстарға орын беру бұл да керек іс деп түсіну керек. Серуен құру жанға, тәнге, көңіл-күйге игі әсер етіп, жұмысқа деген қабілетін арттыра түспесе, кері әсер етпейтіні анық. Міне, біздің №59 мектеп-гимназия ұжымы осы мәселелерді ескеріп, «Ұстаздар күні» мерекесінде табиғат аясына шығып, төл мерекесін таза
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ЖОҒАРЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
28
сентябрь
2022
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ЖОҒАРЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
        Осы аптада мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Байтанова Мервет Нуралбаевна мен Таирова Халидям Шариповна министр Асхат Аймағамбетов тарапынан жоғары марапаттарға ие болып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Байтанова Мервет Нуралбаевна «Еңбек ардагері» медаліне ие болса, Таирова Халидям Шариповна білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Құтты болсын дейміз. Ұзақ жылдар бойғы еңбектері еленіп, жоғары марапаттарға ие болып
ӘУЕЗОВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
22
сентябрь
2022
ӘУЕЗОВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
       Бүгін ауданымыздың №1 кітапханасында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Кешті кітапхана қызметкерлері Сюзана Уалиханқызы мен Раушан Алимжанқызы жүргізіп, заңғар жазушының күреске толы өмірбаяны мен мол шығармалары туралы баян етті. Келген қонақтарға танымдық мақсатта жазушының өмірінен ақпарат беретін бейнефильм көрсетіп, кітаптармен таныстырып, кештің мазмұнын арттырды. Біздің №59 мектеп-гимназияның 6 «В» және 6 «Г» сынып оқушылары (жетекшісі: