МЕРЕЙЛІ ЖАСҚА КЕЛГЕНДЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ.
Бүгін №59 мектеп-гимназиясында педагогикалық жиналыс барысында мерейлі жасқа келген ұстаздарды құттықтау рәсімі өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі Темирболатова Рита Зейнебекқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейдазимова Элеонора Шариполлақызы бүгінде мерейлі жас 50-ге толып, қуанышқа бөленіп отыр. Бар саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, бала тәрбиелеп, оқытып жүрген Рита Зейнебекқызы мен Элеонора Шариполлақызы ұжым арасында сыйлы, еңбекқор, әрдайым жақсылыққа ұмтылып жүретін ізгі жандар, ұлағат иелері. Мектеп басшысы Айжан Тойбекқызы мен мектеп кәсіподақ ұйымының жетекшісі Гүлбану Заманбекова алғаш болып мерей иелерін құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Бірлестік жетекшілері де сөз кезегі келгенде құттықтау сөздерге қосылып, әріптестерін құттықтады.