25
октябрь
2022
Республика күнімен құттықтады.
Қайырлы күн, құрметті әріптестер! «Республика күні» мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мемлекетіміз барлық салада дамып, өсіп, өркендей берсін. Еліміздің дамуына бірден-бір үлес қосатын, болашақты тәрбиелейтін – өздеріңізсіздер.
Сіздер, педагог қауымы, шығармашылықтарыңыз артып, рухани дамып, оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар беріп, болашағымыздың туы желбіреуіне өз үлесімізді қоса берейік. Еліміз мерекелі, жеріміз берекелі, өзіміз бай-қуатты болайық. Әрбір шаңырақ қуанышқа толы болсын. Ең бастысы, мектебіміздің туы биік болсын!
Ізгі ниетпен құттықтаушы: №59 мектеп-гимназия директоры А.Т.Қасымова