Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ» ИЕГЕРІ
02
декабрь
2022
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ» ИЕГЕРІ
      Иә, біздің талантты да талапты қыздарымыз, №59 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Бақыт Ибраимова) Демалышева Анар Қуатбекқызы мен Жетен Әйгерім Айдарқызы «Елбасы медалі» жалпыұлттық жобасына қатысып, кеше ғана қола деңгейін аяқтағанын растайтын сертификат пен медальға ие болды. Қандай қуанышты хабар, зор жетістік. Әрдайым алға биік мақсат қойып, сол мақсатқа жүйелі түрде жетуге үйрететін біздің мұғалімдеріміз өздерінің еңбектерінің нәтижесін көріп, міне, мақсатына
«ФАН-ДЕБАТ» ТУРНИРІНДЕ ҮЗДІК ОЙЫН КӨРСЕТТІ.
25
ноябрь
2022
«ФАН-ДЕБАТ» ТУРНИРІНДЕ ҮЗДІК ОЙЫН КӨРСЕТТІ.
       «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылар арасында «Фан-дебат» атты аудандық пікірсайыс турнирінде үздік ойын көрсеткені үшін мектебіміздің 10-сынып оқушылары Асқар Батырбек пен Нариманов Батырхан ІІІ дәрежелі грамотамен марапатталып, білім-білігі мен интеллектуалдық қабілетін көрсете білді. Жарайсыңдар дейміз. Ал дебаттық сайыстарға дайындап, оқушыларын нәтижеге бағыттай білген жетекшілеріне алғыс
«ФАН-ДЕБАТ» ТУРНИРІНДЕ ҮЗДІК ОЙЫН КӨРСЕТТІ.
25
ноябрь
2022
«ФАН-ДЕБАТ» ТУРНИРІНДЕ ҮЗДІК ОЙЫН КӨРСЕТТІ.
       «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылар арасында «Фан-дебат» атты аудандық пікірсайыс турнирінде үздік ойын көрсеткені үшін мектебіміздің 10-сынып оқушылары Асқар Батырбек пен Нариманов Батырхан ІІІ дәрежелі грамотамен марапатталып, білім-білігі мен интеллектуалдық қабілетін көрсете білді. Жарайсыңдар дейміз. Ал дебаттық сайыстарға дайындап, оқушыларын нәтижеге бағыттай білген жетекшілеріне алғыс
ВОЛЕЙБОЛШЫ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ.
31
октябрь
2022
ВОЛЕЙБОЛШЫ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ.
       Біздің мектепте волейбол ерекше қолға алынған спорттың бір түрі болып саналады. Әрі бұл спорт түрін оқушылар қызығып, құлшыныс білдіре отырып ойнайтын өнер. Аудандық, қалалық, тіпті республикалық жарыстарда жетістіктер де жетіп артылады. Өткен аптада біздің оқушыларымыз қалалық волейбол жарысына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл да мақтана айта аларлық табысымыз. Осы ретте оқушылардың осындай биік белестерден көрінуіне ұйытқы болып жүрген дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
ОҚУШЫМЫЗ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН БАҚ СЫНАСТЫ.
24
октябрь
2022
ОҚУШЫМЫЗ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН БАҚ СЫНАСТЫ.
      Осы аптада №59 мектеп-гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушысы Сабырханов Байкен Республика күніне орай ұйымдастырылған ұлдар мен қыздар арасындағы «Құлагер» спорт клубының ашық біріншілігінде 50 кг салмақ дәрежесінде бақ сынасып, ІІІ орынды жеңіп алды. Жарайсың дейміз. Оқу-білімде ғана емес, спорт бағытында да үлкен нәтижеге жетіп, үздік атанып жатқан балаларымыз негізінде көптеп саналады. Міне, бұл жолы біздің Байкен деген оқушымыз өзінің күш-жігерімен, өнерімен үздік болып, диплом мен
«АҚБЕРЕН» ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
21
октябрь
2022
«АҚБЕРЕН» ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
       «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңінде №59 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Нұрхан Абдулла үздік атанып, І орынды жеңіп алды. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша сынға түскен оқушымыз өнер-білімімен алда болып, қарсыластарынан басым түсті. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызы. Енді Республикалық кезеңге жолдама алған талантты баламызға сәттілік тілей отырып,
«АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ТОП ЖАРДЫ.
18
октябрь
2022
«АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ТОП ЖАРДЫ.
       Бүгін біздің шығармашыл балаларымыз, №59 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары Абдулла Нұрхан мен Берікбол Дамир Республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде үздік атанып, І-ші және ІІ-ші орындарды жеңіп алды. Абдулла Нұрхан «Шешендік, білгірлік» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алса, «Эссе жазуы» бойынша Берікбол Дамир ІІ орынға ие болды. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ахметова Х.Б. және Заманбекова Г. Құтты болсын дейміз. Мектебіміздің мерейін
ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ІІ ОРЫН АЛДЫ.
17
октябрь
2022
ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ІІ ОРЫН АЛДЫ.
      «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңінде жүйрік атанып, ІІ дәрежелі дипломға ие болған 6-сынып оқушысы Мәлікқызы Мадинаны шын жүректен құттықтаймыз! Жетекшісі: Жабаева Кульбаршин Мырзабековна. Жарайсыздар!
ОҚУШЫЛАР ӨНЕР-БІЛІМІМЕН ТАНЫЛУДА
17
октябрь
2022
ОҚУШЫЛАР ӨНЕР-БІЛІМІМЕН ТАНЫЛУДА
       Қазан айының 3-ші және 13-ші жұлдызы аралығында «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбында өткен бастауыш сынып пән бірлестігінің онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар өтіп, пәндік олимпиада, мәнерлеп оқу және қолөнер көрмесі ұйымдастырылған болатын. Аталмыш іс-шараға балалар белсене қатысып, білім-білігімен, өнерімен танылуға тырысып баққан еді. Сол іс-шаралар барысында 3 «Ә» сынып оқушысы Сабыр Кәусар математика пәнінен ұйымдастырылған пәндік олимпиадада  және «Абай оқулары» мәнерлеп оқу
ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДА ІІ ОРЫН
14
октябрь
2022
ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДА ІІ ОРЫН
      Бүгін Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша (математика, физика, химия, биология) «Дарын» орталығы ұйымдастырған ХҮ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінде көзге түсіп, мектебіміздің абыройын асқақтатқан баламыз, 11-сынып оқушысы Төрекелді Әбілмәнсүр ІІ орын алып, биіктен көрінді. Жарайсың, Әбілмәнсүр дейміз. Жаратылыстану-математика бағытында топ жарып, білім-білігін дәлелдей білген оқушымызға бұдан да үлкен байқауларда жеңіске жете беруіне тілектеспіз.