ОҚУШЫЛАР ӨНЕР-БІЛІМІМЕН ТАНЫЛУДА » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОҚУШЫЛАР ӨНЕР-БІЛІМІМЕН ТАНЫЛУДА
17
октябрь
2022

ОҚУШЫЛАР ӨНЕР-БІЛІМІМЕН ТАНЫЛУДА

       Қазан айының 3-ші және 13-ші жұлдызы аралығында «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбында өткен бастауыш сынып пән бірлестігінің онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар өтіп, пәндік олимпиада, мәнерлеп оқу және қолөнер көрмесі ұйымдастырылған болатын. Аталмыш іс-шараға балалар белсене қатысып, білім-білігімен, өнерімен танылуға тырысып баққан еді. Сол іс-шаралар барысында 3 «Ә» сынып оқушысы Сабыр Кәусар математика пәнінен ұйымдастырылған пәндік олимпиадада  және «Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысынан 1-орындарды иеленсе, осы сыныпта оқитын Алдаберген Айзере «Мерекелі, берекелі Алтын күз» қолөнер көрмесіне қатысып, 2-орынды жеңіп алған болатын. Жетекшісі: Сагиндыкова Акерке Муратбаевна. Оқушылары үздік атанып, өнер-білімімен танылып жатқан жетекшісіне алғыс айта отырып, шығармашылық жұмыстарына табыстар тілейміз.