Оқушылар жетістіктері » Страница 3 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
ГРЕКИЯДА ӨТКЕН ФЕСТИВАЛЬДЕ І ОРЫН АЛДЫ.
08
октябрь
2022
ГРЕКИЯДА ӨТКЕН ФЕСТИВАЛЬДЕ І ОРЫН АЛДЫ.
     Қыркүйек айының соңында ежелгі Эллиндер елінде өткен «Корона Орфея» Халықаралық музыкалық фестивалінде №59 мектеп-гимназиясының 6 «В» сынып оқушысы Юсуп Нурислам Дауренұлы топ жарып, І орынды жеңіп алды. Жастайынан өнерпаз, ән айтуды жаны қалап тұратын Нурислам жас болса да бас болып, халықаралық деңгейде өткен байқауға қатысып, бағын сынап көрді. Нәтижесінде жүлделі бірінші орынға ие болып, елінің абыройын асқақтатты. Құтты болсын дейміз. Әрдайым осындай биіктерден көрініп, өнер көгінде
"Ғасырлар тарихты жырлайды"  сайысында 2-орынға ие болды.
26
сентябрь
2022
"Ғасырлар тарихты жырлайды" сайысында 2-орынға ие болды.
       Алматы қаласы Түрксіб ауданы білім бөлімінің басшылығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларының арасында   Республикалық балалар оқулары байқауларының  аудандық кезеңінің "Ғасырлар тарихты жырлайды" атты тақырыпта өткен сайыста 8 «Г» сынып оқушысы Нығмет Самұрат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын дейміз.   Жектекшісі: Заманбекова Гулбану
ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ВИКТОРИНАДА ТОП ЖАРДЫ.
17
сентябрь
2022
ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ВИКТОРИНАДА ТОП ЖАРДЫ.
      Бүгін Алматы каналы ұйымдастырған “IQ Алматы” телевизиялық викторинасында бірнеше кезеңді артқа тастап, атаулы мектептердің көшбасшыларымен сынға түсіп, 290 ұпаймен жеңіске жеткен - 11 “Ә” сынып оқушысы Нұржан Қуаныш еліміздің ЖОО-на грант ұтып алды. Құтты болсын дейміз. Әрбір мектептің бітіруші сынып оқушыларынан құралған командалық интеллектуалды байқауда білім-білігімен сайысқа түсіп, үздік болған оқушымыз мектебіміздің абыройын арттырып, мерейін үстем етті. Осындай интеллектуал
1-ШІ ОРЫН АЛДЫ.
16
август
2022
1-ШІ ОРЫН АЛДЫ.
        Мектебіміздің 6 «Г» сынып оқушысы Өмірхан Азамат Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы жекпе-жек спорт сайысына қатысып, қарсыластарынан басым түсіп, 1-орынға ие болды. Спорттың ерекше түрі – жекпе-жек жарысында үздік нәтиже көрсетіп, медаль алып жатқан оқушымызды құттықтай отырып, алдағы үлкен жарыстарда да жеңіске жете беруіне тілектестік білдіреміз.  
«ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯҒА ЕНДІ.
02
август
2022
«ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯҒА ЕНДІ.
         Мектебіміздің белсенді оқушыларының бірі – Ақберді Лаура Қайратқызы «Ұлт болашағы» республикалық дарынды оқушыларға арналған энциклопедиялық кітапқа еніп отыр. Ұлағатты ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызының шәкірті, мектеп президенті, «Жұлдыз-Ай» би ансамблінің белсенді мүшесін жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз. 
Назад 1 2 3 Вперед