Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БҮГІН МЕКТЕПТЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
01
июнь
2023
БҮГІН МЕКТЕПТЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
     Бүгін мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті.  Биылғы салтанатты кеш жылдағы дәстүр бойынша 25 мамырда емес, 1 маусымға ауыстырылып, «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға 4, 9, 11 сынып оқушылары қатысып, үлкен мерекелік шараның куәсі болды. Балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алған түлектер мектеп оқушылары ретінде бүгін соңғы рет қоңыраудың сыңғырын естіп, ерекше әсерге бөленсе, келесі мектеп оқушылары сыныптан сыныпқа көшіп,
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕП, КІТАП СЫЙЛАДЫ.
24
май
2023
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕП, КІТАП СЫЙЛАДЫ.
     Бүгін мектеп фоесінде 10-сынып оқушылары бітіруші түлектерге арнап кішігірім іс-шара ұйымдастырды. «Ақ жол саған, жас түлек!» деген тақырыппен ұйымдастырылған іс-шара мектеп бітіргелі жатқан 11-сынып оқушыларына арналып, құрмет-ілтипат көрсету, үлкен өмірдегі ізгі қадамдарына тілектестік білдіру мақсатында өтті. ҚР Гимні шырқалысымен мектеп парламенті президенті Олжас Молдаберген көмекшілерімен бірге игі шараны ашып, жүргізіп, аталмыш жиынның мән-мақсатын айтып, түлектерге сәт сапарлар
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ
18
май
2023
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ
     Бүгін біздің мектебіміздің оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Дархан» мөлтек ауданында орналасқан «Қарттар үйіне» барып қайтты. Негізінде бұл сапар «Отбасы күніне» орайластырып ұйымдастырылса, екіншіден, биылғы оқу жылындағы игілікті іс-шаралар легін осындай кездесумен түйіндесек дедік. Иә, Ұлы данышпан әл-Фараби бабамыз «Балаға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» деп айтқандай, біздің мектебіміз ұлы бабамыздың осынау ұлағатты сөзін әрқашан басшылыққа алып, тәрбие мәселесіне
ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР.
12
май
2023
ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР.
    Бүгін денешынықтыру және АӘжТД пәндерінің онкүндігінің соңғы күнінде футболдан мектепішілік турнир ұйымдастырылып, оған 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысты. Футбол десе, ішкен асын жерге қоятын біздің мектеп оқушылары бұл ойынға барын салып, бас жүлдені жеңіп алу үшін қам-қарекет жасады. Мектеп оқушылары, қыздары бар, ұлдары бар, әрқайсылары өз командаларына қолдау білдіріп, «Алға!», «Сендер жеңімпазсыңдар, мықтысыңдар!» деп қошемет, демеу беріп отырды. Тартысты өткен ойын нәтижесінде
«ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
11
май
2023
«ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
      Осы аптада денешынықтыру пәні бірлестігінің онкүндігі аясында көптеген іс-шаралар ұйымдасырылып, ашық сабақтар өткізілді. Кеше пән мұғалімі Ташаухан Даниярдың 4 «В» сыныбына «Қозғалмалы ойындар» атты ашық сабағы өтіп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Жас маман болса да оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдіс-тәсілдерін игере білген мұғалімнің аталмыш ашық сабағы өте жақсы ұйымдастырылып, балалар белсене қатысып отырды. Арқан тарту, түрлі жаттығулар, тапсырмалар оқушыларға жағып, көңілді орындар