Жетістіктеріміз » Страница 8 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
Министр қола медальмен марапаттады.
20
май
2022
Министр қола медальмен марапаттады.
            «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың барлық кезеңдерін абыроймен өткен Түсүпбекова Ақнұрды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қола медальмен марапаттады. Пән мұғалімі: Заманбекова Гүлбану. Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
13
май
2022
Құттықтаймыз!
           ІІ Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқуларының» Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытында жеңімпаз атанған 10-сынып оқушысы Абдулла Нұрхан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызы.     
Республикалық Қ.Бітібаева олимпиадасының жүлдегері атанды.
09
май
2022
Республикалық Қ.Бітібаева олимпиадасының жүлдегері атанды.
         Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада жүлдегері,  мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Рахимбекова Майкежан. Жетекшісі: Қасымова А.Т.
Ұлттық спорт түрлерінен өнер көрсетті.
30
апрель
2022
Ұлттық спорт түрлерінен өнер көрсетті.
             «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыста №59 мектеп-гимназия оқушылары сайысқа түсіп, командалық есепте ІІІ орынға ие болды.  Сондай-ақ мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы Нұрақын Нұржан ұлттық спорт түрі- тоғызқұмалақ ойыны бойынша бәсекеге түсіп, ІІІ орынды жеңіп алды.   Жетекшісі: денешынықтыру пәні мұғалімі Отенов Марат Оралханович   
«Түрксіб аруы» байқауы мәресіне жетті.
28
апрель
2022
«Түрксіб аруы» байқауы мәресіне жетті.
               "Түрксіб аруы" байқауы бойынша "Әсем ару" номинациясының иегері:  9«А» сынып оқушысы Марат Айдана.      Жетекшісі :   ДТІЖО Кыпшакова Дариха
Жас құтқарушыларымыз жарады.
27
апрель
2022
Жас құтқарушыларымыз жарады.
             Бүгін мектебіміздің 9 «В» сынып оқушылары «Жас құтқарушы» сайысының аудандық кезеңіне қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін І орынға ие болды. Қалалық «Оқушылар үйінің» директоры А.Б.Байсымакова балаларымызға құттықтау қағазын табыс етіп, алдағы мамыр айында өтетін сайыстың қалалық кезеңінде үлкен нәтижеге жетулеріне тілектестік білдірді. 
Аудандық теннис жарысынан топ жарды.
15
апрель
2022
Аудандық теннис жарысынан топ жарды.
          Аудандық мектепаралық 5-11 сыныптар аралығындағы теннис жарысынан ұлдар 1-орын, қыздар 2-орын алып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрғалиев Тимур.
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АТЫНАН МАДАҚТАМА ҚАҒАЗҒА ИЕ БОЛДЫ.
14
апрель
2022
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АТЫНАН МАДАҚТАМА ҚАҒАЗҒА ИЕ БОЛДЫ.
     Бүгін Халықаралық техникалық инспекторлар күніне орай мектебіміздің техникалық инспекторы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсариев Медет Ермағанбетұлы аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы атынан мадақтама қағаз алып, сый-сияпатқа ие болды. Өз тарапымыздан әріптесімізді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап, табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіреміз. 
Қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында топ жарды.
11
апрель
2022
Қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында топ жарды.
Бүгін қалалық "Наурыз - ән-жырым" байқауында "Музыкалық аспапта өнер көрсету" номинациясы бойынша өнер көрсеткен мектебіміздің "Ақжелен" домбырашылар ансамблі (жетекшісі - Атантаева Бұлбұлқұс Абылғазықызы) ІІ орын алып, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының марапатына ие болды.  
"Классика әлемі 2022" байқауының жеңімпазы атанды.
08
апрель
2022
"Классика әлемі 2022" байқауының жеңімпазы атанды.
        Алматы қаласы Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі, Ресей Консулы, Қазақстандағы  Ресей серіктестігінің қолдауымен С.Бегалин кітапханасында ұйымдастырылған "Классика әлемі 2022" көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы нда мектебіміздің 5 «В» сынып оқушысы Жанатбек Азиза мәнерлеп оқу бағыты бойынша жүлделі 3-орынға ие болды.   50  мектеп қатысып, 250 -ге жуық  оқушы бақ сынасқан байқауда  оза шауып, жеңімпаздардың қатарынан көрінген талантты қызымызға алғыс айта отырып, алдағы