Жетістіктеріміз » Страница 4 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
14
март
2023
ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
      Біздің №59 мектеп-гимназиясының 5 «Г» сынып оқушылары Жұмабай Даниял, Амангелді Абылайхан және Жанатов Ақжүрек Алматы қаласы Мұстафа Өзтүрік мектебі ұйымдастырған ММА турниріне қатысып, 3-уі де 1-орынға ие болып, жеңімпаз атанып отыр. Жарайсыңдар, дейміз. Бір сыныптан үш оқушы топ жарып, үлкен жарыстан жарқ етіп көрініп жатса, бұл шын мәнісінде мақтанарлық дүние, мектебіміз үшін үлкен жетістік. Спорттың осы бір ерекше түрінен бақтарын сынап, үлкен жарысқа қатысып жүрген оқушыларымыз да
ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫНДА ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
10
март
2023
ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫНДА ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
    «Алматы Дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша қатысып, жеңімпаз болған баламыз, 10-сынып оқушысы Нұржан Ерасыл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және Сертификатқа ие болды. Құтты болсын, дейміз. Жетекшісі: Егеубаева Камшат Ұласханқызы. 
"КӨҢІЛДІ ОҚУШЫЛАР АЛАҢЫНДА" ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
22
февраль
2023
"КӨҢІЛДІ ОҚУШЫЛАР АЛАҢЫНДА" ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
      Бүгін №32 жалпы білім беретін мектепте  №7 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Түрксіб ауданы қазақ мектептері оқушылары арасында "Көңілді Оқушылар Алаңы"(КВН)  әзіл-сықақ сайысы өтті. Аталмыш сайыста  8 команда бақтарын сынап, соның ішінде біздің мектеп оқушылары "Айналайын 59" командасы ІІІ  орынға ие болды.  Жарайсыңдар, дейміз. Оқушылар арасында тапқырлық пен белсенділікті насихаттап, шығармашылық қабілеттерін шыңдауды мақсат ететін әзіл-сықақ сайысында біздің балалар өнер-білімдерін
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.
22
февраль
2023
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.
    «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?» шығармашылық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болған қызымыз, мектебіміздің 10-сынып оқушысы Рысмолдаева Зерені құттықтаймыз. Шығармашылық қабілетімен көзге түсіп жүретін оқушымыз бұл жолы да биіктен көрініп, мектебіміздің абыройын арттырды. Жетекшісі Қасымова Айжан Тойбекқызына осындай шығармашыл балаларды тәрбиелеудегі еңбектеріне сәттіліктер тілейміз. 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.
27
январь
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.
     Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерттеу мәселесін қою арқылы күрделілігі жоғары есептерді шешу – оқушылардың мотивациясын дамыту» тақырыбындағы қалалық квест-семинарда көрсеткен жоғары кәсіби жұмыстары үшін Байтанова Меруерт Нұралбайқызы, Хасен Зәру, Ибраимова Бақыт Тасболатқызы, Бектұрсынова Ұмсынай Жандарбекқызы Құрмет грамотасымен марапатталып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Жарайсыздар, дейміз. Енді бұл ұстаздар
ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІНДЕ І ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
17
январь
2023
ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІНДЕ І ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
      Бүгін біздің балаларымыз, №59 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары - Алиева Перизат, Нариманов Батырхан (орыс тілділер лигасында), Асқар Батырбек, Жахан Аяулым (ағылшын лигасында) 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған оқушылардың ұлттық пікір-сайыс турнирінің аудандық кезеңіне қатысып, І орындарға ие болып отыр. Жарайсыңдар, дейміз. Өздерінің интеллектуалдық білімдерімен, белсенді ұстанымдарымен ерекшеленіп, қазақша лигасында да, орыс-ағылшын лигасында да барлық қатысушылардан басым
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
16
январь
2023
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
       Алматы қаласының білім беру ұйымдарының 10-11 (12) сынып оқушылары арасында өткен ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінде бақ сынасып, ерекше білімімен көзге түскен, жоғары ұпайға ие болған мектебіміздің 10-сынып оқушылары Бегәділ Айым мен Асқар Батырбек жеңімпаз атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын, дейміз. Сонымен бірге интеллектуалдық білімімен көзге түскен оқушымыз Бегәділ Айым «Үздік спикер» деген марапатқа ие болды. Осылайша біздің балаларымыз өздерінің
ҚАЛАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ.
06
январь
2023
ҚАЛАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ.
      Алматы қаласы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты қалалық конкурсының жеңімпазы Енсебаева Ләйла Төлеукенжеқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын дейміз. Әріптесіміз, ұлағатты ұстаз Ләйла Төлеукенжеқызына алдағы уақытта да осындай биік белестерден көрініп, табыстан табысқа жете беруіне тілектеспіз.
БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
21
декабрь
2022
БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
    Жыл аяқталып, атқарылған шаруаларды сараптап, қорытынды шығару, қаншалықты маңызды дүниелер болса, еңбегімен еленген мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді марапаттап, құрмет көрсету- бұл да бір игі шаруалардың бірі. Еңбекті ескеру, қызметкерлердің жұмысын бағалап, көңілін көтеру, кішігірім жетістігін көрсе, көтермелеп, қолпаштау бұл әрине, ізгі дәстүр, жақсылықтың нышаны.  Биыл да осы дәстүрлер жалғасын тауып, Білім басқармасы, «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы, аудандық білім бөлімі тараптарынан Алғыс
АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
19
декабрь
2022
АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
       Бүгін мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай, "Алматы дарыны"  дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі  орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды. Құтты болсын, дейміз. Ұзақ жылдар бойы мектебіміздің тәрбие бағытында жұмыс істеп, көп тер төккен апайымыздың білім саласына сіңірген еңбегі аз емес-ті. Тәуелсіздік күніне орай апайымызды құттықтап, Алғыс хатпен марапаттауы ұзақ