Жетістіктеріміз » Страница 7 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
28
май
2022
АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
        Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектебіміздің биология пәні мұғалімі Ибраимова Бақыт Тасболатқызы мен география пәні мұғалімі Арзикулова Гүлмира Азкенқызын «Пән бойынша ұзақ, орта және қысқа мерзімді оқу жоспарларын талдау» тақырыбындағы Қалалық семинарда қолдау көрсетіп, педагогикалық тәжірибелерін қала мұғалімдеріне бөлісудегі жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құтты болсын, дейміз. Ұлағатты ұстаздарымыздың педагогикалық тәжірибелері қала
Белсенді оқушыларымыздың марапаттары құтты болсын!
27
май
2022
Белсенді оқушыларымыздың марапаттары құтты болсын!
          Мектебімізде түрлі байқауларға қатысып, белсенділік танытып жүрген оқушыларымыз көп. Солардың бірі – Республикалық «Зерделі жас» балалар мен жасөспірімдер журналының ұйымдастыруымен «Сиқырлы қалам» тәрбиеленушілер мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық байқауға белсене қатысып, «Ғажайып ғаламат» номинациясы бойынша 5 «Г» сынып оқушысы Жеткерген Ернар І орынды иеленсе, тағы бір қызымыз «Bilim – Teniz» Республикалық білім порталында өткізілген «Мен әлемді жасаймын» Республикалық
ДИМАШ, ЖАРАЙСЫҢ!
27
май
2022
ДИМАШ, ЖАРАЙСЫҢ!
           Балалар жылы аясында өткізілген «Жұлдызды сәт» байқауының қалалық кезеңінде топ жарып, «Вокал» номинациясы бойынша ең үздік атанған №59 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Жолдас Дінмұхаммед І орын алып, тек мектебіміздің ғана емес, Түрксіб ауданының абыройын асқақтатты. Жастайынан өнерге құмар Димаш баламыз көптеген өнер байқауларына қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінсе, бүгін оның жұлдызы жанған сәт болды. Жарайсың, Димаш дейміз. Өнер әлемінде биікте қалықтап жүруіңе бәріміз
ІТ-Хакатон конкурсының жеңімпазы атанды.
27
май
2022
ІТ-Хакатон конкурсының жеңімпазы атанды.
       «Алматы БАЛAFEST» қалалық балалар конкурсының ІT-хакатон робототехника және бағдарламалық жоба аясында біздің мектебіміздің 6-сынып оқушысы, дарынды жас Абдрей Әлібек ІІ орын алып, робототехника бағытында үздік екендігін көрсетті. Жетекшісі: Тоқтабекова Назима. Жарайсыздар, дейміз!  Ғылым саласында топ жарып, биіктерден көріне беріңіздер.
Спортта жетістікке жеткен оқушыларымыз жасай берсін!
26
май
2022
Спортта жетістікке жеткен оқушыларымыз жасай берсін!
         Балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Open Air Спорт» (Спорт және салауатты өмір салты) байқауына үстел теннисі бойынша қатысып, І орынға ие болған 5-сынып оқушысы Кенжебек Бексұлтанды құттықтаймыз. Жетекшісі: денешынықтыру пәні мұғалімі Нургалиев Тимур.         Балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Open Air Спорт» байқауының футбол спорты бойынша қатысып, ІІІ орынға ие болған 3-сынып оқушыларынан құралған команданы құттықтаймыз. Жетекшісі: Тұрғанбаев Өркен.
Абай оқуларында жеңімпаз атанды.
26
май
2022
Абай оқуларында жеңімпаз атанды.
          Абай о қулары байқауының аудандық кезеңіне қатысып, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша өзіндік өнер мен шығармашылық қабілетін көрсете білгені үшін  10- сынып оқушысы Абдулла Нұрхан І орынға ие болып, қалаға жолдама алды. Пән мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Х.Б.          Абай оқуларының аудандық байқауының «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Эссе) номинациясы бойынша қатысқан тағы бір оқушымыз 10-сынып оқушысы Рахимбекова Мәйкежан ІІІ орынға ие болды.
Аудандық «Кітап – білім бұлағы» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
24
май
2022
Аудандық «Кітап – білім бұлағы» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
           Білімнің негізгі қайнар көзі - кітапта. Сарайыңды ашып, санаңды толықтыратын да кітап.   Жақында "Кітап- білім бұлағы" атты аудандық байқауы өтті. Байқау 6 бағыттан құралды. Байқауға кітап оқуға құмар жас жеткіншектер қатысты. Әр бағыт өз ерекшелігімен баланың білімін тексеруге арналған тапсырмалардан тұрды. Ауданның 27 мектебінің ішінен мектебіміздің оқушылары суырылып алға шықты. Атап өтсек, "Әдеби қолтырауын" номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Мұхтар Әлімқожа ІІ орынды
«Жасыл Алматы» байқауында ІІ орынға ие болды.
24
май
2022
«Жасыл Алматы» байқауында ІІ орынға ие болды.
          «Алматы BALAFEST» балалар фестивалінің «Жасыл Алматы» байқауына қатысып, «Екінші өмір акциясы» (қайта өңдеу саласындағы заманауи тәсілдер) бойынша үздік жаңа технологиялар ұсынғаны үшін 5 «Б» сынып оқушысы Қалибек Шынар ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Абдрахманова Венера. 
«Жұлдызды сәт» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
23
май
2022
«Жұлдызды сәт» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
           Балалар жылы аясында өткізілген «Жұлдызды сәт» аудандық байқауында өнер көрсеткен  Умирзаков Жандос «Вокал өнері» номинациясы бойынша орта топ ІІІ орынға, Қанағат Інжу «Вокал өнері» номинациясы бойынша кіші топ ІІІ орынға, Жолдас Дінмұхаммед «Вокал өнері» номинациясы бойынша ересек топ ІІ орынға ие болып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. (Мұғалімі: Кыпшакова Дариха).  Сондай-ақ  орта топ бойынша «Аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша өнер көрсеткен мектебіміздің «Ақжелен»
Құттықтаймыз!
21
май
2022
Құттықтаймыз!
«Елбасы медалінің» кезекті жеңімпазы, №59 мектеп-гимназиясының мақтанышы, 11 «Б» сынып оқушысы Кузенбаева Айша Маликқызын «Қола медалімен» құттықтаймыз! Пән мұғалімі: Торғанбеков Асан Ержанұлы.