Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҮЗДІК ДЕП БАҒАЛАНДЫ.
14
ноябрь
2022
ҮЗДІК ДЕП БАҒАЛАНДЫ.
         Өткен жұмада қалалық мектеп парламентінің президенттері мен колледж студенттері арасында өткен слетте біздің аудан оқушыларымен және біздің мектептің парламент ұйымының жұмысы үздік деп бағаланды. Жарайсыздар дейміз. Мектеп парламенті жұмысына жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апайға осы бағытта атқарған мол еңбектеріне алғыс айта отырып, оқушыларының биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз.  
ВОЛЕЙБОЛШЫ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ.
31
октябрь
2022
ВОЛЕЙБОЛШЫ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ.
       Біздің мектепте волейбол ерекше қолға алынған спорттың бір түрі болып саналады. Әрі бұл спорт түрін оқушылар қызығып, құлшыныс білдіре отырып ойнайтын өнер. Аудандық, қалалық, тіпті республикалық жарыстарда жетістіктер де жетіп артылады. Өткен аптада біздің оқушыларымыз қалалық волейбол жарысына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл да мақтана айта аларлық табысымыз. Осы ретте оқушылардың осындай биік белестерден көрінуіне ұйытқы болып жүрген дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
АУДАНДЫҚ СЛЕТ ӨТКІЗІЛДІ.
25
октябрь
2022
АУДАНДЫҚ СЛЕТ ӨТКІЗІЛДІ.
        Өткен сенбі күні Түрксіб ауданына қарасты 27 мектеп арасында мектеп пен студенттердің парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінің аудандық кезеңі өткізілді. Азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп және студенттік парламентті дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құруды мақсат еткен аталмыш слеттің аудандық кезеңінде шеберханалық зертхана бағыты бойынша «Оқушылардың өзін-өзі басқару күні» тақырыбы бойынша біздің №59
ӘРІПТЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
20
октябрь
2022
ӘРІПТЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
     Осы аптада «Үздік педагог – 2022» байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетіп, байқау жеңімпаздары анықталды. Біздің әріптесіміз №59 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Торғанбеков Асан Ержанұлы барлық талаптар бойынша үздік болып, І орынды жеңіп алды. Жарайсың, Асан Ержанұлы дейміз. Мектебімізде білім-білігімен, қабілетімен әрдайым алда жүретін әріптесіміз енді байқаудың келесі кезеңіне жолдама алып, бағын сынамақшы. Сәттілік серік болсын! Мектеп-ауданымыздың ғана
ӘСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ТҮРІНЕН ӨТКЕН ЖАРЫСТА ҮЗДІК БОЛДЫ
20
октябрь
2022
ӘСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ТҮРІНЕН ӨТКЕН ЖАРЫСТА ҮЗДІК БОЛДЫ
        Кеше Түрксіб ауданында «Sport Vest Kazakhstan» әскери-қолданбалы спорт түрінен жарыс өтіп, сол байқауда біздің №59 мектеп-гимназиямыздың 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушылары өнер көрсетті. Жарысқа белсене қатысқан балаларымыз үздік көрсеткіш көрсетіп,  нәтижесінде І орынға ие болды. Жетекшісі: алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, полковник Байсинов Асылхан Мырзақасымұлы. Әскери өнер бойынша бірнеше жыл бойы дайындап жүрген Асылхан Мырзақасымұлының балалары бұл сайыста өздерінің
ТУРИЗМ ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ.
15
октябрь
2022
ТУРИЗМ ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ.
          Алматы қалалық «Оқушылар сарайының» ұйымдастыруымен «Алтын күз – 2022» туризм техникасы бойынша өткен жарыста біздің балаларымыз қалалық кезеңде топ жарып, командалық есеп бойынша І-ші және ІІ-ші орындарды жеңіп алды. Жетекшісі: Шәмшіман К.С. Жарайсыңдар дейміз. Білім бағытында ғана емес, спорт, туризм бағытында да үздік атанып, биіктен көрініп жатқан оқушыларымызға және дайындап жүрген жетекшісіне ризашылығымызды білдіреміз.   
Ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан марапат алды.
11
август
2022
Ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан марапат алды.
       Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі және ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңіне оқушыларды дайындағаны үшін дене шынықтыру пәні мұғалімі Ибраимов Серікбол грамотамен марапатталды. Құтты болсын дейміз.
Бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі
10
август
2022
Бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі
         Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт   оқу-тәжірибелік орталығы еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі және ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңіне оқушыларды дайындағаны үшін дене шынықтыру пәні мұғалімі Ташаухан Данияр Болатұлы грамотамен марапатталды.  Құтты болсын!
Шығармашылық табыстары үшін грамотамен марапатталды.
09
август
2022
Шығармашылық табыстары үшін грамотамен марапатталды.
              Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының директоры А.Дупик мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызын жас ұрпақ бойына сапалы білім және ұлттық құндылық қалыптастырудағы шығармашылық табыстары үшін  Құрмет грамотасымен марапаттады.  
Құрмет грамотасымен марапатталды.
08
август
2022
Құрмет грамотасымен марапатталды.
         Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының директоры А.Дупик мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Ибраимова Бақыт Тасболатқызы мен Арзикулова Гүлмира Азкенқызын жас ұрпақ бойына сапалы білім және ұлттық құндылық қалыптастырудағы шығармашылық табыстары үшін   Құрмет грамотасымен марапаттады. Әріптестерімізді құттықтаймыз!