Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбындағы сынып сағаты
12
январь
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбындағы сынып сағаты

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы
 «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбындағы сынып сағаты

12 қаңтар күні мектеп-лицейде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және қоғамдағы жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарас қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында төмендегі бағыттар қарастырылды:
 «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» – оқушыларға жемқорлық ұғымы, оның қоғам мен мемлекетке тигізетін кері әсері, жеке адалдықтың, жауапкершіліктің және заңды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
«Жеке қауіпсіздік» бөлімі (10 минут) – тұрмыста, көшеде және интернетте қауіпсіз мінез-құлық ережелері, сондай-ақ ықтимал қауіпті жағдайларда әрекет ету жолдары бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.
«Kөмек» жобасы (10 минут) – төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері туралы әңгіме өткізілді.
Құқықтық жалпы оқыту (10 минут) – білім алушыларға кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы еске салынды.
Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал етті.