Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылғы 30 қантарда барлық №59 мектеп-гимназияда қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен балаларды нақты және сандық ортада қорғау шаралары туралы ата-аналардың хабардар болуын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік 24/7» қалалық ата-аналар жиналысы өтті
30
январь
2026

2026 жылғы 30 қантарда барлық №59 мектеп-гимназияда қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен балаларды нақты және сандық ортада қорғау шаралары туралы ата-аналардың хабардар болуын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік 24/7» қалалық ата-аналар жиналысы өтті


2026 жылғы 30 қантарда  барлық №59 мектеп-гимназияда қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен балаларды нақты және сандық ортада қорғау шаралары туралы ата-аналардың хабардар болуын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік 24/7» қалалық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында мынадай мәселелер қаралды:
- оқушылардың жол, өрт және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қалалық ортада құқық бұзушылықтың және қауіпті мінез-құлықтың алдын алу;
- киберқауіпсіздік және интернетті, әлеуметтік желілер мен ойын платформаларын қауіпсіз пайдалану;
- буллингтің алдын алу және психологиялық қауіпсіз орта құру;
- балаларды қорғау мәселелерінде мектеп, отбасы және қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы.
Ата-аналарға балаларда қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар, түрлі жағдайларда әрекет ету бойынша жадынамалар мен практикалық кеңестер берілді. Баламен ашық диалогтың және ересектердің бірлескен жауапкершілігінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Жиналыс ақпарат алмасу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мектептер, отбасылар мен мамандар арасындағы серіктестікті нығайту үшін маңызды алаңға айналды.