Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» тақырыбында қалалық ата-аналар конференция өтті.
22
май
2025

«Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» тақырыбында қалалық ата-аналар конференция өтті.

Жазғы каникул уақытында оқушылардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етуде жазатайым жағдайдың жедел-алдын алу, ата-аналарды қауіпсіздік талаптарымен ақпараттандыру мақсатында 2025 жылдың 22 мамырында №59 мектеп-гимназиясы «Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» тақырыбында қалалық ата-аналар конференциясын өткізді.

Конференция кіріспесінде жасөспірімдер арасындағы белең алып отырған жазатайым оқиғалар негізінде «Тоқта! Назарың бізде болсын!» сахналық көрінісі қойылды.

Конверенцияны Түрксіб аудандық білім бөлімінің басшысы Жылкишина Жанна Кадылхановна ашып беріп, ата-аналарды дайындалған жадынамамен таныстырды. Конференцияның панельдік отырысында:
Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО бөлім жетекшісі Акмагамбетова Роза Газизжановна«Бала қауіпсіздігі – басты назарда!»;
Түрксіб аудандық прокуратурасының прокуроры Сакен Ерсултан Калдыбекулы «Жасөспірімдер арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу»;
Түрксіб ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры
Мусаева Гузель Исрапуловна «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігі»;
Түрксіб ауданының ПБ ӘТП инспекторы, полиция капитаны Мухамадиев Еркебулан Мухтарбекович «Жол қауіпсіздігі»;
Түрксіб аудандық ТЖ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ташпаев Хабибула Мухаметкеримович «Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері, ата-аналар білуі керек басты қағидалар»;
Мектеп психологі Кончибаева Молдир Ержановна «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыптарында баяндама жасап, тренинг өткізілді.