Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
“БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ” төсбелгісімен марапатталды!
04
октябрь
2025
“БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ” төсбелгісімен марапатталды!
Тағы қуанышты жаңалық! Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дариға Кыпшакова Оқу-ағарту министрі Ғ.Бектайұлының бұйрығымен  “БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ” төсбелгісімен марапатталды! Қаншама жылдық еңбектің жемісі! Мәртебе, абырой, мақтаныш! Марапатыңыз құтты болсын, Дариға апай! Қуаныштымыз!
Қала әкімінің алғыс хаты табысталды
03
октябрь
2025
Қала әкімінің алғыс хаты табысталды
Бүгін Республика сарайында біздің құрметті әріптесіміз Арзыкулова Гульмира Азкеновна қала әкімінен алғыс хат алды! Қаламыздың білім беру саласының дамуына және ел ертеңінің жарқын болуы жолында қосқан зор үлесі үшін Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты берілді! Бұл – мектеп ұжымының еңбегінің, абыройының, ұстаздар қауымының бірлігінің айғағы. Мектебіміздің беделі артып, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз! 🌟Сіздің жолыңызды барша ұстаздарға берсін🫶🏻🫶🏻🫶🏻🫶🏻
Ұлағатты ұстаздарымызға "ЖЫЛ ҮЗДІГІ” марапаты табысталды.
30
май
2025
Ұлағатты ұстаздарымызға "ЖЫЛ ҮЗДІГІ” марапаты табысталды.
”ЖЫЛ ҮЗДІГІ” 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша кәсіби жетістіктері мен білім алушылардың түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеткен ҮЗДІК жетістіктері үшін мектеп мұғалімдерін ынталандыру мақсатында жыл қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде: 🏆”Үздік мұғалім” - Тарих пәні мұғалімі Амангалиева Гульназ Маратовна 🏆”Үздік сынып” - 8 “А” сыныбы 🏆”Үздік сынып жетекші” - Орайханова Анар Темирхановна 🏆”Үздік бастауыш сынып” - 4 “Г” сыныбы 🏆”Жыл бірлестігі -2025”
Үздік 20 оқушыға “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ” арнайы марапаты табысталды.
30
май
2025
Үздік 20 оқушыға “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ” арнайы марапаты табысталды.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында көрсеткен ҮЗДІК жетістіктері үшін мектептің 20 оқушысы 🏆 “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ” статуэткасымен, арнайы марапат қағазымен және сыйлықтармен марапатталды. Біліма алушыларды ынталандыру, олардың зияткерлік еңбегін бағалау мақсатындағы шара келер жылы да жалғасын таппақ. Жетістіктеріміз көп болсын!
Мектеп мақтаныштары
28
май
2025
Мектеп мақтаныштары
9-10 сынып оқушыларына арналған “Zerdeli QUIZ” облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары: 9 “Ә” сыныбынан: Амантай Батырхан Бегадилова Айзере 9 “Б” сыныбынан: Ибрагим Әділ 9 “Г” сыныбынан: Шамшат Ажар Иманбекова Ақерке 10 “Ә” сыныбынан: Бегадилова Айым 10 “В” сыныбынан: Ыбырай Еркеназ Қатысып, 1-орын иеленіп, сайыстың финалдық кезеңі өтетін ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА жеңіп алды. Мектеп мәртебесін арттырған білім алушыларымызға АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ.
Мектепшілік "Айна" театры жүлдегер атанды.
15
апрель
2025
Мектепшілік "Айна" театры жүлдегер атанды.
Мектептің жаңа қадам басқан жас “Айна” театры өз репертуарын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің “Аққулар ұйықтағанда” қойылымымен бастап, бүгінгі күні жеңіс тұғырынан көрініп үлгерді. Жас өнерпаздарымыз “Театрдың ғажайып әлемі” атты байқаудың мектепаралық ІРІКТЕУ кезеңінен 1-орын алып, аудандық кезеңге жолдама алды. Жас әртістерді жеңістерімен құттықтаймыз. Көркемдік жетекшісі: Такежанова Б.А. Музыкалық әрлеуші: Алибекова Л.Г.
Мектеп мақтаныштары
04
апрель
2025
Мектеп мақтаныштары
Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Давлетьярова Амина - Халықаралық “Әл-Фараби-2025” пәндік олимпиадасына “Ағылшын тілі” пәнінен 2-орын иеленіп, 4 жылдық грант иегері атанды. Жетекшісі: Лебекова Г.К. Сонымен қатар “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференцияға екі оқушымыз қатысып жүлдегерлер атанды.  8 “Г” сынып оқушысы - Саламат Найля - 2-орын; 9 “Г” сынып оқушысы - Шамшат Ажар - 3-орын иеленді. Жетекшісі: Амангалиева Г.М.
Мектеп мақтаныштары
03
апрель
2025
Мектеп мақтаныштары
Республикалық Яссауитану байқауының аудандық кезеңінде 59 Мектеп-гимназиясының 8 - 9 сынып оқушылары Малікқызы Мадина және Сары Нұрбибі 1 орынмен мапапатталып,  Қалалық кезеңнен 2 орын  иеленді.
Көшбасшылықты дамыту:стратегиялар мен құралдар
07
март
2025
Көшбасшылықты дамыту:стратегиялар мен құралдар
«Көшбасшылықты дамыту:стратегиялар мен құралдар» оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары үшін білім беру интенсивінің мектеп парламентінің президенті Дүйсен Сүйкім қалалық байқаудан жүлделі 3 орынға ие болды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 37 Вперед