Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қауіпсіздік - басты назарда!
17
март
2025
Қауіпсіздік - басты назарда!
17.03.2025ж. мектеп директоры А.Е. Торғанбеков, ДТЖЖО Д. Кыпшакова Түрксіб ауданының ПБ ЖПҚБ ЮБП аға учаскелік инспекторлары полиция лейтенанты Р.А.Рысалдиев, аға лейтенанты Е.Н. Жумановтың қатысуымен 5-11 сыныптарда лездеме өткізілді. Лездемеде оқушыларға көктемгі демалыс кезіндегі жалпы қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Оқушылардың зиянды әдеттерден сақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында нашақорлықтың, лудоманяиың, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17
март
2025
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мерекелік күнтізбеге сәйкес 17 Наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып бекітілген. Соған сәйкес Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. №1 Балалар кітапханасы бөлімшесінің меңгерушісі Суранчиева Жазира Куанышбайқызы мен №59 мектеп-гимназия кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна әрі 8А сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Хуан Жадыра “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” тақырыбында іс-шара өткізді. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы
Мамандық таңдау
13
март
2025
Мамандық таңдау
13.03.2025 күні Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесе отырып, 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында “Мамандық таңдау” тақырыбында лекция оқылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес келетін кәсіби бағыттарды таңдауға көмектесу, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру.
«Нашақорлық заттарды тұтынудың салдары» тақырыбында дәріс өткізілді.
13
март
2025
«Нашақорлық заттарды тұтынудың салдары» тақырыбында дәріс өткізілді.
Түрксіб ауданының ПБ ЖПҚБ ЮБП аға учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Р.А.Рысалдиев директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Кыпшакова және психолог маманы Кончибаева М.Е. 11-сынып оқушылары арасында «Нашақорлық заттарды тұтынудың салдары» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық,темекі шегу,телефон және гаджеттерде көп отырмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау кестесі
10
март
2025
3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау кестесі
ХАБАРЛАНДЫРУ!  Оқушылар мен педагогтер, ата-аналар назарына! 2024-2025 оқу жылының 3-тоқсанында жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша 2-11-сыныптарға арналған ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) өткізу кестесі. Тоқсандық жиынтық бағалау 12-18.03.2025 аралығында (қоса алғанда) өткізіледі.  
Көшбасшылықты дамыту:стратегиялар мен құралдар
07
март
2025
Көшбасшылықты дамыту:стратегиялар мен құралдар
«Көшбасшылықты дамыту:стратегиялар мен құралдар» оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары үшін білім беру интенсивінің мектеп парламентінің президенті Дүйсен Сүйкім қалалық байқаудан жүлделі 3 орынға ие болды.
Қыз -ұлттың айнасы
05
март
2025
Қыз -ұлттың айнасы
05.03.2025ж. 9-11 сынып қыздары арасында “Қыз -ұлттың айнасы” тақырыбында қыз сыны байқауы өткізілді. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды ұлықтау, ар-намыс, адалдық, жауапкершілік, мейірімділік, әдептілік сияқты қасиеттерге ие қыз балаларды тәрбиелеу. Байқау 5 бағыт бойынша өтті. Байқауға қатысушылар ережеге сәйкес дайындалып, жан-жақты өздерінің бойына дарыған өнерлерін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша орындар анықталып, жеңімпаз оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
2025- Жұмысшы мамандықтар жылы
28
февраль
2025
2025- Жұмысшы мамандықтар жылы
2025- Жұмысшы мамандықтар жылы🛠️ Осыған орай, Ақпан айнының 20 жұлдызында мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтармен танысу мақсатында Алматы электромеханика Колледжіне ашық есік күніне қатысты. Оқушылар - Электромеханикалық жабдықтарды техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану - Электр жабдықтары - Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану - Дәнекерлеу ісі бойынша жан-жақты ақпарат алып, заманауи жабдықтармен танысты. Экскурсия оқушылардың техникалық салаларға
«Салауатты ұрпақ-біздің жарқын болашақ»
18
февраль
2025
«Салауатты ұрпақ-біздің жарқын болашақ»
«Салауатты ұрпақ-біздің жарқын болашақ» Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясында Денешынықтыру және АӘжТД пәндер бірлестігінің «Жұлдызды сәт» жобасы бойынша білім алушылардың физикалық дайындығын бақылау және бағалау мақсатында ең жоғарғы көрсеткішті анықтау барысында бірқатар дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді
14
февраль
2025
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді
14.02.2025ж. “Тек сенен есте қалған!” тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен әдеби-сазды тарихи кездесу кеші өткізілді.  Білім алушылардың бойына ұлттық рухты сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,  интернационалдық достықты дәріптеу мақсатында Ауған соғысының аяқталғанына 36 жыл толуына орай ұйымдастырылған кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері  Баисенгиров Канагат Карсакбаевич Аманкулов Асхат Сатжанович Жунусов Кошкенбаи Кусаинович Баитукаев Мейрамбек Примбетович Муталханов Кажмахан Уменович