Біз туралы » Страница 7 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТАН І ОРЫН АЛДЫ.
28
март
2023
ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТАН І ОРЫН АЛДЫ.
    Бүгін Алматы қаласының білім басқармасы ұйымдастырған қалалық дебат турниріне қатысып, біздің оқушыларымыз ағылшын лигасы бойынша бәрінен басым түсіп, жүлделі І орынға ие болды. Жарайсыңдар, дейміз. 10-сынып оқушылары – Асқар Батырбек, Жахан Аяулым, Нариманов Батырхан сайыс барысында өздерінің интеллектуалдық қабілеттері мен белсенді ұстанымдарымен бәрінен оқ бойы озық болып, жеңімпаз атанды. Осылайша мектебіміздің ғана емес, Түрксіб ауданының мәртебесін көтерген оқушыларымыз қалалық білім
ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҮШ ОҚУШЫМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОРЫН АЛДЫ.
16
март
2023
ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҮШ ОҚУШЫМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОРЫН АЛДЫ.
     Химия пәні бойынша мектебіміздің тағы үш оқушысы – Сақан Н.Б., Касенова А.С., Құсайын А.Қ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Химия ғылымдарының дамуының өзекті аспектілері» атты дәстүрлі ІХ – республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Ал әріптесіміз, химия пәні мұғалімі Байтанова Меруерт Нұралбайқызы зерттеу жұмысының «Теориялық маңыздылығы» номинациясы бойынша арнайы сертификатқа ие болды. Жарайсыздар,
«ҚАДІР ОҚУЛАРЫНДА» ІІ ОРЫН АЛДЫ.
16
март
2023
«ҚАДІР ОҚУЛАРЫНДА» ІІ ОРЫН АЛДЫ.
     Біздің талантты баламыз, 6-сынып оқушысы Юсуп Нұрислам «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған Республикалық «Қадір оқулары» байқауының қалалық кезеңіне қатысып, «Болу үшін жаралғам, туған жердің жырауы» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болып отыр. Құтты болсын, дейміз. Талай байқаулар мен халықаралық фестивальдерде жеңімпаз болып жүретін баламыз бұл жолы да жақсы қырынан көрініп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Жетекшісі Алибекова Ләйлім апай бала тәрбиесіндегі мол тәжірибесін пайдалана
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
16
март
2023
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
    Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Сурет» пәні бойынша шығармашылық олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болған Шыңғысхан Ақбота мен Мырзақасымова Алтынайды шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен бірге жетекшілері Бижанова Гүлжан Құралбекқызы мен Ұзақбаева Айгүл Тілектесқызын КазГАСА мектебінің директоры оқушыларды шығармашылық олимпиадаға дайындаудағы еңбектері үшін «Алғыс хатпен» марапаттады. Құтты болсын, дейміз. Балаларды
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ІІ ОРЫН АЛДЫ.
15
март
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ІІ ОРЫН АЛДЫ.
      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Д.И.Менделеевтің туған күніне орай «Химия ғылымдарының дамуының өзекті аспектілері» атты дәстүрлі ІХ – республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында біздің оқушымыз 6 «Ә» сыныбында оқитын Әбдібек Сания ІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Жарайсың, дейміз. Сонымен бірге әріптесіміз, биология пәні мұғалімі Орайханова Анар Темірханқызы аталмыш конференцияға қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Өз тарапымыздан
ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
14
март
2023
ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
      Біздің №59 мектеп-гимназиясының 5 «Г» сынып оқушылары Жұмабай Даниял, Амангелді Абылайхан және Жанатов Ақжүрек Алматы қаласы Мұстафа Өзтүрік мектебі ұйымдастырған ММА турниріне қатысып, 3-уі де 1-орынға ие болып, жеңімпаз атанып отыр. Жарайсыңдар, дейміз. Бір сыныптан үш оқушы топ жарып, үлкен жарыстан жарқ етіп көрініп жатса, бұл шын мәнісінде мақтанарлық дүние, мектебіміз үшін үлкен жетістік. Спорттың осы бір ерекше түрінен бақтарын сынап, үлкен жарысқа қатысып жүрген оқушыларымыз да
ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН АШЫҚ САБАҚТАР
10
март
2023
ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН АШЫҚ САБАҚТАР
     Соңғы бір-екі күн көлемінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында тағы бірнеше ашық сабақтар өткізіліп, заманауи әдіс-тәсілдер мен сабақ өткізудің тиімді технологиялары мектеп мұғалімдері мен жас мамандарға ұсынылды. Барлық ашық сабақтар жаңашылдығымен, өзіндік ерекшелігімен өткізілді. Оқу материалдарын игеруде, сабақ құрылымдарында және оқушыларды ұйымдастыра білуде көптеген тиімді тәсілдер ортаға салынды. Кәсіби маман ретінде танылған Торғанбеков Асан Ержанұлының
ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫНДА ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
10
март
2023
ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫНДА ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
    «Алматы Дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша қатысып, жеңімпаз болған баламыз, 10-сынып оқушысы Нұржан Ерасыл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және Сертификатқа ие болды. Құтты болсын, дейміз. Жетекшісі: Егеубаева Камшат Ұласханқызы. 
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ.
07
март
2023
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ.
      Осы аптада қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында кезекті ашық сабақтар өтіп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Дүйсенбі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Такежанова Бақыт Ахатқызының көрнекті жазушы, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі негізінде «Бейбіт күн салтанаты» деген тақырыпта 7 «В» сыныбында ашық сабағы өтсе, бүгін әріптестеріміз Оспанова Гүлжан Сәбитқызы мен Заманбекова Гүлбану Құдайбергенқызының ашық сабақтары өтті.  Қазақ тілі
"КӨҢІЛДІ ОҚУШЫЛАР АЛАҢЫНДА" ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
22
февраль
2023
"КӨҢІЛДІ ОҚУШЫЛАР АЛАҢЫНДА" ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
      Бүгін №32 жалпы білім беретін мектепте  №7 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Түрксіб ауданы қазақ мектептері оқушылары арасында "Көңілді Оқушылар Алаңы"(КВН)  әзіл-сықақ сайысы өтті. Аталмыш сайыста  8 команда бақтарын сынап, соның ішінде біздің мектеп оқушылары "Айналайын 59" командасы ІІІ  орынға ие болды.  Жарайсыңдар, дейміз. Оқушылар арасында тапқырлық пен белсенділікті насихаттап, шығармашылық қабілеттерін шыңдауды мақсат ететін әзіл-сықақ сайысында біздің балалар өнер-білімдерін