Қайырымды істерге ұйытқы болайық
Қайырымды болу, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – ата-бабаларымыздан мирас болған ізгі қасиеттер. Бұрындары бір жиһанкез: «Өзге елдер байлықпен жарысса, бұл ел қайырымды істермен жарысады екен» деп, қазақтың осы бір асыл қасиетіне риза болып кеткен екен. Иә, жақсылық жасау, қайырымды болу- бұл біздің елдігіміздің, бірлігіміздің нышаны. Кейінгі ұрпақ осы бір ізгі істерімізден үлгі алып, жақсылыққа қарай қадам басса, қайырымды болуды үйренсе, онда біздің халқымыз мәңгі жасай береді деген сөз.