«БҰЛ МЕКТЕП МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕДІ».
Бүгін қасиетті қара шаңырақ- №59 мектеп-гимназиямызға қарт ұстаз, 1977-1982 жылдар аралығында мектебімізге басшылық қызмет жасаған еңбек ардагері Сұлтанғалиев Қадырғали Аманғалиұлы арнайы шақырылып, ұстаздар мен оқушылармен мәнді де мағыналы кездесу ұйымдастырылды. Жасы 94-ке келген қарт ұстаз елу жылдан астам білім беру саласында өнімді еңбек етіп, №59 мектеп, №8 интернат, Түрксіб аудандық білім бөлімінде және басқа да білім мекемелерінде басшылық және ұстаздық қызмет жасап, белсенді