Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАСҰЛАНДЫҚТАР РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАП ЭССЕ ЖАЗДЫ.
24
октябрь
2022

ЖАСҰЛАНДЫҚТАР РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАП ЭССЕ ЖАЗДЫ.

       Бүгін мектеп оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері Республика күніне орай эссе жұмыстарын жазды. Тақырып: «Менің арманымдағы Қазақстан». Тақырып оқушылар үшін қызықты болып, туған елі мен жері туралы өз ойлары мен ішкі сезімдерін шығарма жұмысында көрсетіп, барынша мәнді де мағыналы етіп жазуға тырысты. Жалпы Отан, туған жер, Қазақстан туралы тақырыптар бойынша біздің мектебімізде түрлі іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырылып тұратындықтан балалар үшін бұл таңсық болмай, қайта біраз нәтижелерге қол жеткізіп, төселіп алған болатын. Сондықтан да балалар берілген тапсырманы дер кезінде орындап, білім-танымын тиісті деңгейде көрсете алды. Тәрбиелік мақсатта ұйымдастырылып отырған бұл игі іс шара балаларға Отанын қадірлеуге, ел тарихына үңіліп, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға мол септігін тигізеді. Мектеп оқушыларына эссе жұмыстарын орындатып, шығармашылық жұмыспен айналысуына ұйытқы болған – мектеп тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Едігетегі Қанат Әбдіманапұлы.